#qyzylordatv
Жалағаш кентінде ардагерлер арасында суда еркін жүзуден облыстық турнир өтті. Аймақ ардагерлерінің басы қосылған шарадан тілші бейнематериалы.
Салауатты өмір салты мен сергектікті насихаттайтын спорттық шараға қазыналы қарттар жиналды. Турнирде 53 пен 64 және 65 пен 71 жас аралығындағы ардагерлер сынға түсті. 16 қатысушы 8 командаға бөлініп, мықтылар анықталды.
Жарысқа қатысушылардың бірі - 71 жастағы Марат Оразбаев. Кәсіби түрде жүзумен айналыспаса да, жастайынан спорттан қол үзбепті.
МАРАТ ОРАЗБАЕВ, ҚАТЫСУШЫ
Мұндай жүзумен айналысып жатқан, ештеңем жоқ бірақ спортпен айналысқанмын. Жас кезімде футбол ойнадым, спортты жақсы көреміз өзіміз.
АСАН ПІРНАЗАРОВ, «ГЕРМАНИЯДАҒЫ КЕҢЕС ӘСКЕРІ ТОБЫ МЕН ВАРШАВА КЕЛІСІМ ШАРТЫ ТОБЫ» АРДАГЕРЛЕРІ ҚБ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 4687 //Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің әскерге баруға деген белсенділігін арттыру мақсатында және де үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету мақсатында осы қоғамдық бірлестік жұмыс жасап келеміз облыстың көлемінде жоғарғы оқу орындары, колледждермен мектеп лицейлермен оқушылармен үнемі кездесіп жылдық жоспарға сәйкес 2026 жылғы осы Жалағаш кентінде ардагерлердің арасында жүзуден турнир өткізіп отырмыз.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс ардагерлердің белсенділігін арттырып, жас ұрпаққа үлгі көрсетуге бағытталған.
БЕЙБІТЖАН ШІЛДЕБАЕВ, «ГЕРМАНИЯДАҒЫ КЕҢЕС ӘСКЕРІ ТОБЫ МЕН ВАРШАВА КЕЛІСІМ ШАРТЫ ТОБЫ» АРДАГЕРЛЕРІ ҚБ ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Қоғамдық бірлестіктің мақсаты – еліміздегі облыста бейбітшілікті сақтау жолындағы қызмет еткен әскери сарбаздар ардагерлер сол топтың мүшелері келешек өсіп келе жатқан ұрпақтарымызға патриоттық тәрбие беру, балаларымызды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында үлкен жұмыстар атқарылып жатыр соның бір саласы жүзу бассейінінде өзіміздің арамыздағы ардагерлеріміздіңде шыңдалып денсаулықтарын жақсартып бір мезгіл демалсын деген мақсатта әрі осындай үлкен шара ұйымдастырылды.
Айта кетейік, аталған турнир – 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай ұйымдастырылды. Мұндай спорттық шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.