#qyzylordatv

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасында «Цифрлық технологиялар және педагогтерді даярлаудағы EdTech» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктің көшпелі отырысы өтті. Басты мақсат – халықаралық стандарттарға сай, бәсекеге қабілетті заманауи педагог кадрларды даярлау.

 Педагогтерді даярлау жүйесіндегі цифрлық технологияларды енгізу – уақыт талабы. Бүгінде мұғалім тек пәндік біліммен шектелмеуі тиіс, ол цифрлық сауатты, инновациялық ойлайтын, білім беру технологияларын тиімді қолдана алатын маман болуы қажет. Осыған байланысты, жоғары оқу орындары педагогикалық кадрларды даярлау бағдарламаларын жаңғыртуда. Бұл білім берушілердің цифрлық құзіреттілігін дамытып, онлайн және аралас оқыту тәсілдерін дамытады.

 БЕЙБІТКҮЛ КӘРІМОВА – ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОР

Президентіміз «Әлем жаңа технологиялар дәуіріне қадам басты. Оның басты нышаны инвестицияның қарқынды дамуы мен жасанды интеллектінің өмірімізге дендеп енуінен байқауға болады. Сондықтан бүгінде озық ойлы ұлт пен технологиялық ұлт ұғымдары егіз...

 Көшпелі отырыста Қорқыт ата атындағы Қызылорда Университетінің Басқарма төрағасы-ректор Наурызбай Байқадамов оқу орнында цифрлық білім беру платформалары енгізіліп, онлайн курстар әзірленіп жатқанын және оқытушылардың цифрлық құзіреттілігін арттыруға бағытталған арнайы бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

НАУРЫЗБАЙ БАЙҚАДАМОВ – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОР

Цифрлық технологияларды педагогтерді даярлаудағы рөлі бірнеше аспектілерден көрінеді. Мысалы біріншіден олар оқу үдерісінің қолжетімділігін арттырады. Онлайн курстар, ашық білім беру ресурстары, қашықтық оқыту жүйелері арқылы білім алушылар кез келген уақытта білім алу мүмкіндігі бар.

 Жиын соңында халықаралық және отандық сарапшылар бірнеше тақырыпта баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.