#qyzylordatv
Ақтөбе облысынан бастау алған «Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафоны Сыр еліне жетті.
Елдің әр өңірін аралап, жас ұрпақ пен ардагерлердің арасындағы тарихи сабақтастықты нығайтуға бағытталған іс-шара «Тағзым» алаңында ұйымдастырылды. Жиынға қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Одан соң Маңғыстау облысының өкілі “Ардагер өсиеті” хатын ресми түрде облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюповке табыстады.