#qyzylordatv
Бұған дейін базарларда сібір жарасына шалдыққан малдың еті сатылып жатыр деген ақпарат тараған еді. Ауыл шаруашылығы министрі оны жоққа шығарды. Сондай-ақ, Айдарбек Сапаров енді құжаты жоқ мал өнімдерін саудалағандарды қылмыстық жауаркершілікке тарту көзделіп отыр деді. Үкімет отырысында төрт-түліктің жай-күйін анықтайтын смарт жүйе іске қосалытыны айтылды.
Төрт-түлік арасында сібір жарасы ауруы тарағанын Ауыл шаруашылығы министрі растады. Бірақ, дер кезінде сырқаттың жолын кестік дейді. Яғни, індет жұқтырған малдың еті базар сөрелеріне шығып үлгермеген.
АЙДАРБЕК САПАРОВ – ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ //Жолда олардың барлығы ұсталды. Еттер бәрі қайтарылды. Жалпы, халықты аурудан сақтандыру жағынан бүкіл осындағы мал базарлардан, ет сататын базарлардан пробалары алынып, барлығын зертханаға өткіздік. Есік тұтқаларына дейін жуып, пробаларын алдық. Бүгінгі күнде ауру белгілері табылмады//
Осы жағдайдан кейін құжаты жоқ малдың еті мен сүтін сатуға тыйым салынбақ. Жаңа туған бұзауды 7 күн ішінде иесі арнайы базаға тіркеп, сырғасын тағуға міндеттеледі. Ережеге бағынбағандарға жаза қарастырылған.
АЙДАРБЕК САПАРОВ – ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ //Малына сырға тақпағаны үшін ешкім жауапкершілікке тартылмаған. Қазірден бастап айыппұл қатаңдатылады, тіпті екі есеге өсіреміз. Жауапқа тартамыз. Жалғыз оларды ғана емес соларды бақылауда ұстамаған ветеринарларды да жауапқа тартамыз//