#qyzylordatv
Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында «Бір толқында» концерт-спектаклі көрермен назарына ұсынылды.
Жаңа жобаның мақсаты – өткен мен бүгінді байланыстырып, ұлттық музыка мен мәдениетке деген құрметті арттыру. Кеш барысында жоба кейіпкерлері алдымен бастарынан өткен түрлі оқиғалармен бөлісті. Мұнан кейін есті және жаңа әндерді жанды дауыста шырқады. Қызылордалықтар талантты өнерпаздармен бір толқында болып, ғажайып сезімге бөленді. Жаңа жоба театрдың 71-ші маусымында жалғасын таппақ.
САНАТ ЖҮЗБАЙ – ТЕАТР ӘРТІСІ //Бұл жерде театр әртістерінің де ішкі қыр-сырларын көрсету. Себебі, бұған дейін біздің театырда осындай аспаптардың көмегімен жанды дауыста ән шырқалып, тың дүниелер болмаған. Сондықтан бұл біз үшін ерекше деп білеміз. Шырқалған әндер адамның жан дүниесіне жақын. Соның ішінде әке, ана, махаббат, ауыл жайында. Бұл кеште халық білетін әндер таңдалып алынды. Себебі, көрермен бізбен бір толқында болсын деген ниетпен.//