#qyzylordatv

Елімізде отандық авторлардың ең танымал 100 туындысын анықтауға негізделген жалпы ұлттық сауалнама жалғасуда . Бұл бастама ұлттық әдебиеттің кеңінен таралып, оқырмандардың кітапқа деген ынтасын арттыру мақсатында жүргізіліп жатыр.

АРУЖАН ӘЛІМЖАН - ТІЛШІ // 23 сәуірден бастау алған сауалнама шілденің 23 не дейін жалғасады. Ал нәтижесі 10 тамыз - Абай күнінде жарияланады. Бұл жоба жастардың әдебиетке қызығушылығын арттырумен қатар, рухани жаңғырудың жаңа үлгісі деуге толық негіз бар.

 Ал, қала тұрғындары бұл сауалнамадан хабардар ма?

 Жалпыұлттық сауалнамаға облыс орталығындағы «Үлес» оқырмандар клубы белсенді түрде атсалысып жатыр. Клуб жетекшісі сауалнама жөнінде өз пікірімен бөлісті.

 НӘБИДЕН МАРАТ - «ҮЛЕС» ОҚЫРМАНДАР КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ // // Кітап деген дүниеннің өзі адамға сен кітаппен шынай байланыса алсаң ол саған дос, ол саған жол көрсетуші. Бұл акция жасқы жолға қойылып жақсы бастама болып жатқан деп есептеймін. Өйткені қазіргі таңда өзіңіз білесіз анализдер бойынша жастардың кітап кітап оқуы күрт азайып бара жатыр. Осындай шаралармен жиындарды көбірек, басшылық жағынан қозғалатын болса, Мен ойлаймын қазіргі кеітап оқитын жастардың саны артады. Бұл акцияны сол үшінде 100%қолдаймын.

 Сауалнаманың басты мақсаты, еліміздің әдеби мұрасын сақтау және дамыту. Қазақстан жазушыларының шығармаларын дәріптеу, халықтың кітап оқуға деген ынтасын арттыру.

 ӘДІЛЖАН ИСКАКОВ - «ҮЛЕС» ОҚЫРМАНДАР КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ // кітап оқу қарқыны, кітап оқу үдерісі қазір қоғамда қарқынды жүйеленіп жатыр. Қоғамның бір мүшесі ретінде қоғам дүзелсе ел дүзелет дейді ғой өзімізде тұлға болғаннан кейін, тұлғамызды қалыптастыру үшін осындай орталарды іздедік. «Үлес» оқырмандар клубын қазір бір жарым жыл уақыт болды кітаптарды бірге оқып жүрміз. Жалпы енді айта кететін дүние соңғы оқып жатқан кітабымыз Дулат Исабековтың « Сүйекші» деген повесін оқыдық. Жалпы өзімнің сүйіп оқитын жазушыларым Оралхан Бөкей мен Дулат Исабеков аталарымыздың шығармалары. «Атау кере» кітабына келер болсақ, құндылығы өте жоғары осы қоғамға айтары көп кітаптің бірі. 21 ғасыр қуыс кеуделіктің уақыты деп сипаттайды ғой көп ғалымдар. Қуыс кеуделіккен жауап беретін кітап.

 Айта кетейік, сауалнама e-gov.kz порталы мен e-gov mobile қосымшасы арқылы өткізілуде. Оқырмандар арнайы сауалнама толтырып, өздері ұнататын 10 шығарманы таңдай алады.