#qyzylordatv
Конституцияның 30 жылдығына орай елде рақымшылық жасалуда. Амнистияға ілінгендердің алғашқы легі күні кеше қаладағы №37 мекемеден бостандыққа шықты.
Маусымның 23-інде мемлекет басшысы рақымшылық туралы заңға қол қойды. Осы ізгі шараның арқасында жазасын өтеп жатқан 15 мыңнан астам адамға амнистия жарияланды. Соның екі мыңнан астамы бостандыққа шықса, қалғандарының жаза мерзімі қысқарады.
НҰРЛАН МҰХТАРОВ - ҚАЖД №37 МЕКЕМЕ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ / ҚАЖД №37 мекемесінде қазіргі таңда 217 сотталушы жазасын өтеуде. Соның ішінде ҚР Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық 79 азаматқа қолданылуда. Оның ішінде 7 сотталған азамат босатылуға жатады. Оның ішінде 13 әйел азаматша бар. Одан бөлек, 72 азаматтың өтелмеген бөлігі қысқартылуға жатады. Қазіргі таңда №37 мекемеде 3 сотталған сотпен қаралып, босатылуда.
Заңға сәйкес, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандар ғана рақымшылыққа ілінеді. Ең алдымен, әлеуметтік жағынан осал топқа жататын адамдарға кешірім беріледі. Кезінде шалыс басқан 48 жастағы түркістандық тұрғын алғашқылардың бірі болып, бостандыққа шығып отыр.
1 жыл 6 ай мерзім берді. 6 ай жазамды өтедім. Амнистияға ілініп, бостандыққа шығып жатырмын. 00:27-/ үймізге аман-есен жетіп, анамның, бауырларымның қасына барсам деймін. Қателіктерімнің барлығын осы жерде отырып түсініп, өмірдің жаңа парақшасын ашам деп отырмын.
Жалпы, рақымшылық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №37-ші, №60-ыншы, №68-інше мекемеде жазасын өтеп жатқан 200-ден астам сотталғанға қолданылады. Оның ішінде 30-ға жуығы босатылуға, қалғандарының жаза мерзімі қысқартылуға жатады.