#qyzylordatv
Аяғы жоқ, қолы жоқ –
Жылан қайтіп күн көрер?!– деп Асанқайғы жырлағандай, жылан – табиғаттың тылсым жаратылыстарының бірі. Осы күнге дейін сыбызғы сазына елтіп билейтін жыландар туралы естідік. Ал енді домбыра үніне әбжыландай есілгенін көрдіңіз бе? Олай болса сюжетке зер салайық.
Бұл – Нұрсұлтан Икрамовтың жолақты питоны. Жасы – үште, ұзындығы – екі метрден асады. Аты- Айгөлек. Үй жыланы усыз, адамға зиянсыз, аптасына бір рет егеуқұйрықтармен қоректенеді. Бірақ оны өзгелерден ерекшелейтін бір қасиеті бар табиғатында құлағы жоқ жаратылыс күй тыңдайды.
НҰРСҰЛТАН ИКРАМОВ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Соңғы 3жыл көлемінде осы жыланды алу ойыма келді.Үйіммен ата-анаммен ақылдастым,ата-анама айттым.Ол кісілер әрине қарсы болды.Тыңдаған жоқпын.Сүйтіп бірінші жыланымды алдым қатты қуанышты болдым.Өзіме ұнады.Енді ата анам әлі де қарсы,әлі күнге дейін.Бірақ,сонда да енді өз қызығушылығымнан бас тартқан жоқпын. Әркімнің қызығушылығы әртүрлі ғой енді,біреу мысық асырайды,біреу күшік асырайды деген секілді.Менің үй жануарым осы жылан.
Иесінің айтуынша домбыраның үні естілгенде жылан әуенге елтіп, қозғалысын баяулатып, аспаптың маңайына жақындайды. Кейде домбыраны орап алып, тапжылмай жататын көрінеді.
НҰРСҰЛТАН ИКРАМОВ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Домбырада төкпе күйлерді тартқанды жақсы көремін.Егер,баяу күйлерді тартсам қатты әсер бермейді.Егер,төкпе күйлерді тартсам,жылдам сондай күйлерге реакция береді Иә,негізі табиғатынан жыландар естімейді.Бірақ,мен ойлаймын домбырадан шыққан үн ондағы радиоволна деп айтамызғой сол мүмкін денесіне әсер ететін шығар деп.Енді домбыра деген қасіретті,құдіретті аспап қой.Құлағы естімейтін жыланның өзін өзіне назарын аудартып жатады.
Жылан мен саздың үндестігі жайлы аңыз қазақ арасында бұрыннан бар. Қорқыт баба туралы хикаялар соның бір дәлелі.
СЕРІК ЫДЫРЫСОВ – АЙТЫСКЕР, АҚЫН
Аңыз бойынша қайда барсаң «Қорқыттың көрі» деген сөз бар. Қорқыт бабамызда пенде ғой, ажалдан қашып, қолындағы қобызының құдіретіменен, кілемге жан бітіріп, қарақұрт па, жылан ба ілесіп барып, сол шағып, Қармақшының топырағында мәгілікке қалды. 01-37 Естіген аңызымыз бойынша жаны шығып баражатқанда да қобызын аңыратып тартқан Қорқыт бабамызға кетіп бара жатқан жылан қобыздың үніне тұрып қалып, үннің әсерінен, саздың әсірінен болу керек жыланда сол жерде жан тапсырыпты.
Жылан – үндемейді, күй – сөйлемейді. Бірақ екеуінің арасынан үнсіз байланыс орнап тұр. Бұл – ғылым түсіндіре алмайтын құбылыс, өнер ғана сезіндіре алатын құдірет.