#qyzylordatv
Жалағаш ауданындағы Мақпалкөл ауылы тәтті алмасымен таныла бастады. Былтыр 80 тонна жеміс жинаған шаруашылық тамшылатып суару технологиясын қолданып жатыр. Кәсіпкер алманың «Голден делишес», «Джонаттан», «Ренет симиренко», «Фуджа» сынды түрлерін жерсіндірген. Ауылда мұнан өзге де бастамалар баршылық. Тақырыпты тілші тарқатады.
Атшаптырым аумақта жайқалып тұрған алма бағы көздің жауын алады, ал хош иісі мұрын жарады. Құнарлы топырақтан нәр алған жемістің дәмі де ерекше, тіл үйіреді. Көшеттердің күтімі жақсы болған соң, өнімі де ауыз толтырып айтарлықтактай.
НҰРБОЛ СЕЙСЕНБАЕВ - БАҒБАН
Он екі мың алты жүз түп,5 сорт, 4 жылдың көлемі болды, өнім беріп тұрғанына. Осы Қызылорда аумағына сатылады, Жалағаш, ауыл-аумақтарға сатылады капельныймен күнделікті кешке суарылады, со жаңағы витаминдері бар соны береміз, басқасы табиғи өнім, сұраныс жақсы,тез өтіп кетеді,осы жаққа келіп алып кетеді
Ал, алма бағын таза ұстау үшін әрі зиянкестерден биологиялық жолмен қорғану мақсатында шаруашылық 300 қаз өсіріп отыр.
Мақпалкөлдіктер бақшаның да бабын тапқан. 12 гектар аумақта
картоп, сәбіз, қауын мен қарбыз өсіп тұр.
НҰРЛАН ӘБЖАППАРОВ –БРИГАДИР
8 гектар картобымыз бар, 3 гектар қауын-қарбызымыз, 1 гектар сәбізіміз бар, өнім жақсы, бұны баптағанда, суарылуы шлангымен капельный расширение дейді, табиғи нәрсе, ешқандай дәрі, удоврение, селитра берілмейді,табиғи жердің өзінің күшімен шығады, Жалағаш ауданы, Қармақшы, Қызылорда облысына барады, жәрмеңкелерге апарамыз, осы кезде бір рет гүлдеп болды, түйнек салып жатыр
Шаруашылық суды үнемдеп пайдалану бағытында озық тәжірибелерді қолданып жатыр. «Ер-Әлі» шаруа қожалығы күріш алқаптарын суға бастыру кезеңінде су шығынын азайту үшін шетелдік автоматтандырылған су өлшеу жабдықтарын орнатқан. Бұл арқылы суармалы су көлемін 20 пайызға дейін үнемдеуге және өнімділікті арттыруға қол жеткізіпті.
ӘСЕТ ӘБУОВ - БРИГАДИР
Судың жоқ кезі қазір,каналдың соңы болғаннан кейін бізде су аз болады,аз болғаннан кейін бізде елден тоқ тартып, коллекторлерден су беріп жатыр, дополнительно сол суды араластырып беріп жатырмыз, өнім жақсы, былтыр өнім өте жақсы болды, биыл көк жақсы болып тұр, Осы кезде күріш тозаңданып,бұғаздалып жатыр, он-онбес күнде күріш басталады уже, соған шейін суды жеткізіп үлгертуіміз керек.140 күндік күріш қой, августтің 20-25 теріне уже піседі.
Ал, ауыл маңындағы «Ағаштыкөл» көлінде сазан, ақ балық, карась, жыланбалық сынды балық түрлері өсірілуде.
АСЫЛХАН МЕКЕБАЕВ – ИНЖЕНЕР
Ауылда той-томалақ, өздері заказ береді килограмдап,көбінесе көктемде Қызылордадан сатамыз, толстолобтардың ең үлкені 13-12 кг болды, бір балықтың өзі,сазандар 2-3 килограммдық, былтыр көктемде малек алып, сазанның 2 млн дай күріштік атызға салып, күзге дейін өсіріп, күзде осы көлге жібердік, келешектеде жоспар көп.
Тіршілік арнасын тапқан ауылдың бүгінгі тынысы өзгелерге үлгі боларлықтай.