#qyzylordatv
20 шілде - Халықаралық шахмат күні. Осыған орай өңірімізде шахматтан отбасылық турнир өтті. Оған 30-дан астам команда қатысты.
Өздерінің логикалық ойлау қабілеті мен тактикалық шеберлігін сынауға келген отбасылар қызу дайындық үстінде. Дәл осы сәтте қала тұрғындары арасында викториналық ойындар ойнатылды. Көп ұзамай зияткерлік ойынға қатысушылардың бағы мен бабы сыналды.
ҒАЛЫМ ПІРЕКЕШОВ — ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ
// Бүгін орталық алаңда керемет мереке болып жатыр. Шахмат турнирі. Мен өзімнің 9 жастағы баламмен келдім. Бүгін бір команда болып ойнаймыз. Мені шахматқа атам үйреткен, енді мен ұлыма үйретіп жатырмын //
Аймағымызда үстел үсті ойындарына қызығушылар қатары артқан. Соның ішінде 15 мыңнан астам сырбойылықтың тоғызқұмалақ, шахмат сынды интеллектуалды ойындарға қызығушылығы зор.
СНХ: НҰРДОС ЕРЕЖЕПОВ — ОБЛЫСТЫҚ ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ
// Облысымыздағы барлық шахматшыларды мерекесімен құттықтаймын. Жыл сайын біз осы күні турнирлер, фестивальдар өткізіп тұрамыз. Мысалы бүгін отбасылық турнир өтіп жатыр, оған 60 ойыншы қатысуда //
БИБІНҰР ӨТКЕЛБАЙ — «CHAMPION» ШАХМАТ КЛУБЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
// Ең алдымен бұл ойын ата-ана мен баланың арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған //
Отбасылық шахмат турнирі – тек жарыс емес. Бұл күні әрбір отбасы мүшелері бір-біріне қолдау көрсетіп, бірге уақыт өткізіп, ұмытылмас естеліктер жинады.