#qyzylordatv
Сондай-ақ, Премьер-министр Олжас Бектенов Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвилимен кездесу өткізді.
Онда сауда мен инвестицияларды дамыту, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және Транскаспий халықаралық көлік бағытындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері қаралды. Аталған дәлізді дамытудағы маңызды қадам PTC Holding компаниясы салған Грузияның Поти портында жаңа қазақстандық контейнер терминалының іске қосылуы болды. Үкімет басшысы бұл орта дәліз бойынша жүк ағынының көлемін арттыруда маңызды рөл атқаратын бірлескен табысты жұмыстың мысалы деді. Ал, Грузияның Экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвили Қазақстанмен сауда, туризм және логистикалық инфрақұрылым салаларында әріптестікті кеңейтудің маңызды екенін айтты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар келісімдерді іске асыруға дайын екенін жеткізді. Биыл екі ел арасындағы тауар айналымы 75 млн долларға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,7%-ға артық.