#qyzylordatv
Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Мен бір жұмбақ адаммын…» атты облыстық полиглоттар сайысы болды. Облыстық қоғамдық даму басқармасы мен тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада Абай мұрасы үш тілде қатар насихатталды.
Абай шығармаларын насихаттай отырып, жастардың сөз өнеріне, ұлттық руханиятқа ықыласын арттыру мақсатында ұйымдастырылған сайысқа 22 мен 35 жас аралығындағы өнерсүйер жастар қатысты.
МАРТАНА ДӘУЛЕТБАЕВА - ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ // Бізде облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен үш тілді меңгерген жастар арасында және мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасайытын жастар арасында погиглот сайысын өткізіп отырмыз. Яғни қазіргі заманға сай ағылшын, орыс тілін қоса меңгеріп жүрген және өзіндік ортасында үлкен бір бәсекелестікте алдыңғы орында жүрген жастар арасында өтіп жатыр.
АЛДАЖАР ӘБІЛОВ - ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ // Бұл шара бірнеше мақсатты көздейді. Ең біріншісі ұлы Абайды насихаттау және сонымен байланыстыра бірнеше тілді игерген азаматтарды анықтау мақсаты. Бізде кейде көп нәрсе Науқандық болып кетеді. Бұл жердегі негізгі ұстаным мынау облыстық тілдерді оқыту орталығы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйрету мақсатында жұмыс істейді. Шектеу жоқ. Бұл елдің бірлігі, бұл елдің татулығы. Міне осыны әкеліп түйістіріп, бір жерге тоғыстырып Абай шығармашылығымен қарайтын шара.
Байқау үш кезеңнен тұрды. Қатысушылар алдымен Абайдың қара сөздерінің бірін жатқа мәнерлеп оқыса, екінші және үшінші кезеңдерде ақынның орыс тілінде жазылған шығармалары мен қазақ тіліндегі нақыл сөздерін грамматикалық құрылымын бұзбай ағылшын тіліне аударды.
БЕКЕТ ТАБЫНБАЙ - ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ // Абай атамыздың 180 жылдығына арналған « Мен бір жұмбақ адаммын» атты полиглоттық байқауына Қазалы ауданы мәдениет және тілдерді дамыту орталығының атынан қатысып жатырмын. Біздің ауданымызда қорытынды кезеңі іріктеуі өткізіліп осы облыстық байқауға қатысып отырмыз. Байқау өте тартымды да тартысты өтті. Әрбір келген аудан, әрбір кезген басқарманың мамандары өзінің біліктіліктерімен білімділіктерімен ерекшеленді. Бұл байқаудың болып жатқанына мен өте қуаныштымын Абай атамызды насихаттау қара сөздерін өлеңдері мен шығармаларын жатқа білу ол әрбір Қазақстандық үшін парыздеп білемін.
Қазылар алқасының шешімімен Арал аудандық спорт және туризм бөлімінің әдіскері Фариза Елеусізова жүлделі І орынды қанжығалады.
ФАРИЗА ЕЛЕУСІЗОВА - АРАЛ АУДАНДЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ // Ғасырға азық ұрпақтарға мирас болған Ұлы Абай атамыздың шығармашылығына арналған «мен бір жұмбақ адаммын» атты облыстық полиглоты байқауында бірінші орынды қанжығалап жатқан жайым бар. Байқауда Абай атамыздың төртінші қара сөзін таңдадым. Яғни өмірде уайм қайғышыл болмай алдыға қарай басып орынды харекет ету керек. Орынсыз күлкімен емес орынды харекет жасаған адам ғана жеңістікке жетері хақ. Сол себепті бүгінгі байқау жоғары деңгейде өтті. Бірінші орынды алуға лайықпын деп ойлаймын. Кейінгі ұрпаққа насихаттау үшін атсалысам деген ойдамын.
Ал, Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Бекет Табынбай екінші, облыс бойынша Қазынашылық департаментінің бас маманы Әлирахман Әлиасқаров ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздарға арнайы диплом, қаржылай сыйақы, қалған белсенді қатысушыларға Алғысхат пен естелік сыйлықтар табысталды.