#qyzylordatv

 Аймағымызда кәсіпкерлік саласының өркендеуіне жол ашу, нарықтағы әділ бәсекелестік пен ашықтықты қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар қолға алынған. Соның ішінде, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, құрылыс, отын-энергетика сынды негізгі салалар тұрақты бақылауда.

  ЕРКІН ҚАЗЫҒҰЛОВ - БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ ОБЛЫС БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

  2025 жылдың бірінші жартыжылдығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілермен және көтерме жеткізушілермен 36 монополияға қарсы комплаенс жасалды, олар «Алтын орда» ЖШС»- ас тұзын өндіру бойынша, «Абзал и К» - ақталған күріш өндіру, «Байменов М» тауық етін жабдықтаушы, аталған кәсіпкерлермен келісімдер жасалды. 00.40Мемлекеттік жергілікті атқарушы органдарға, мемлекеттік нарық субьектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендегі туралы бірнеше хабарлама шығарылды.

 Бұдан бөлек, жыл басынан бері 20 мемлекеттік кәсіпорын мен заңды тұлғаның қызметіне мониторинг жасалып, олардың кейбір қызмет түрлерін монополияға қарсы органның келісімінсіз жүзеге асыру фактілері анықталды. Аталған деректер бойынша мекемелерге нұсқама беріліп, барлығы мерзімінде орындалған. Сондай-ақ, кедергілерді жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.