#qyzylordatv
Шиелі ауданындағы «Руханият» орталығында түрлі қоғамдық ұйымдар мен мәдени мекемелер шоғырланған. Жаңа орталықтың ашылуымен аудандық музей мен мұрағаттың тынысы кеңейіп, мүмкіндігі артты. Шиеліліктірді рухани нәрмен сусындатқан шаңырақтың қазіргі тыныс-тіршілігі туралы тілші бейнематериалында.
Руханият орталығында неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар, ардагерлер, аналар, қоғамдық кеңес жұмыс істеп тұр. Бас-аяғы 70-ке жуық адам жұмыспен қамтылған.
ГҮЛДАНА ЖАҚЫПОВА – АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
//2025 жылдың 4 қаңтарында Руханият орталығы ашылған. Орталық ашылғанда ең бірінші болып жұмысшы мамандықтар жылы болғанан кейін. «Әлемнің әміршісі еңбек» форумымен бастадық. Әрі қарайда күнделікті жұмыстар атқарылып жатыр. Үлкенді, жастарды, аналарды, рухани білімнің көзі кітап сүйер жандарды тоғыстырып, жақсы жұмыс жүріп жатыр.
Орталыққа келушілердің саны күн санап артып келеді. Бірі – некесін қиюға келсе, енді бірі – 5 мыңға жуық тарихи жәдігер сақталған музей қорымен танысуға асығады. Бастысы рухани, мәдени нәр іздеген жанның керегіне жарап тұр. Ардагерлер де орталыққа келіп бой жазып, замандастар аптасына бір рет бас қосады.
ҚАБЛЕШ БЕКІШЕВ – АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ
Ардагерлер бар, қоғамдық ұйым мүшелері бар, үкіметтік ұйымдар бар барлығы бірігіп осында өздерінің іс-шараларын өткізіп жатады. Ардегерлер осы жерге келіп бильярд ойнайды, шахмат ойнады тағы басқа спорттық шараларда осында өтіп отырады.
Рухани дамумен қатар, Шиелі кентінде инфрақұрылымдық жұмыстар да жүйелі жалғасуда. Биыл көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін ағымдағы жөндеуге жергілікті бюджеттен 87 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Қазірдің өзінде Ясауи көшесінде және Көкшоқы мөлтек ауданында бір-бір көпқабатты тұрғын үйдің сырты жаңартылып, тағы бір нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Бұдан бөлек абаттандыру бойынша да айтарлықтай жұмыс істелген.
Шиелі – жылдан жылға жаңарып келеді. Бұл ел мүддесіне негізделген жүйелі жұмыстардың нәтижесі.