#qyzylordatv
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің баспасөз туры Жалағаш ауданында жалғасты. Тілші бейнематериалында толығырақ.
Ауыл - қайнаған тіршіліктің ортасы. Елді-мекендерді көркейту үшін жүйелі жұмыстар қолға алынған. Әсіресе, кәсіп ашып, оны дамытамын деген жанға қолдау көп. Мәселен, Еңбек ауылдық округінің тұрғыны Разия Ағатаева «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 4 млн 250 мың теңге қаражат алып, түрлі кондитерлік өнімдер шығарып отыр.
РАЗИЯ АҒАТАЕВА – ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
Қаңтар айындаа алып,анау-мынау жабдықтарды әкелдік, фебральда бастап аштық, одан бері шүкір, жаман емес, балалардың несібесіне бұйырғанын тауып жатырмыз, той-томалақтарға заказ болады көбінесе, 03.17 Тортқа қажетті алты тапа кететін мына пешті алдық, сосын үлкен миксер алдық, морозильник алдық, екі холрдильник,микроволновка, витрынный холодильник алдық.
Разия Ағатаеваға келіні қолғабыс етіп жүр. 15 түрлі торт, бауырсақ, нанның түр-түрін пісіруде. Ал,тауардың бағасын көтермеуге тырысамыз дейді кәсіпкер.
РАЗИЯ АҒАТАЕВА – ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
Ең арзаны сол 2000 мың теңге қылып қойды ғой, әзірше халық үйренсін деп,былайынша қатты, не қалмасада,халық үйренсін деп, заттың ақшасы шықса болар деп келінім, болашақта сол ауданға шығарсақ деген ойымыз бар, гүл сататын жерге бенто торттар дайындасақпа деген, тапсырысқа дайындаймыз, үйде дайындап қойсақ ауылдын чаты бар, барма дейт,бар дегенде үйімізде алыстауше, апарып береміз,доставка деген бар
Ал Бұқарбай батыр ауылдық округінің тұрғыны Еділ Жұмабек құрылыс материалдарын шығарып жатыр. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы арқасында үш адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
ЕДІЛ ЖҰМАБЕК – ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
Нарықтағы бағасы 300теңгеден, себебі тау алыстау болғандықтан, тас қымбаттау келеді, соған байланысты, шикізатты Шиелі ауданы, тау беткейі, Ақбұлақ, Мыңбұлақ өндіріс орнынан алдыртамыз, өзіміздің шопырларымыз бар, қаражат болып жатса осы жерде брусчатка және тасқа байланысты өндіріс түрлерін әлдеде қолға аламыз, пескоблогтың жаңа түрлері шығады,
Баспасөз туры барысында Аққыр ауылына да аялдадық. Шалғайдағы елді мекенде «Қазақстан халқына» қорының қаржыландыруымен дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр.
БАУЫРЖАН ШЫНЖЫРОВ - АҚҚЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Спорттық кешен 180 адамды қамти алады, 7-8 ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылады, қазіргі таңда спорттық үйірмеден гир көтеру, күрес үйірмесі бар, алдағы уақытта волейбол, үстел теннисін ашу жоспарлануда. Құрылысы 2024 қараша айында басталып, жақын арада пайдалануға беріледі.
ТӨЛЕГЕН АЙМҰРАТОВ - АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Ауыл енді 1964 жылы құрылған, негізі мал шаруашылығына бағытталып құрылған енді кезінде, қазір ауылда емхана жұмыс істейді, мектебіміз бар, 01.20Майда балдарымыз далада доп теуіп жүргеннен,осындай мәдениетті керемет орында дайындалып, біздің ауылдан да жақсы деген чемпиондар шығады деп ойлаймыз пайдалануға берілсе, 02.11 Ауылымыздың болашағына жасалып жатқан қамқоршылық үшін рахмет айтамыз
Ал,Ақсу ауылдық округінде «Беркінбай кәлпе» мәдени ескерткішіне апаратын жол жөндеуден өтіпті. Одан бөлек кент ішіндегі тозығы жеткен 11 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
МАРАТ АЛДАБЕРГЕНОВ –АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Ақбөгетте Беркінбай, Маңғыстауда Пірбекет, Ақтеректе Мәмбет әулие деген батаға қосылатын кісінің біреуі осы кісі, жастайынан Көкалташта оқыған Самаркандта, діни білімі мықты, кезінде Алаштың 25 мың зиялысы атылып кеткен жоқпа, соның ішінде мықты зиялының біреуі болған кісі, осы көше Беркінбай кәлпе көшесі, келетін, кетімді қонақ көп болғаннан кейін, Кавказдан келеді, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келеді, соған енді келім-кетімді адамдарға оңай болсын деп, биыл аудан әкімі арнайы осы жолға бюджеттен ақша бөлдіріп, осы жолды салды, көп адамның жолын жеңілдетті,ол кісіге енді алғыс айтамыз
МАРДАН ЖАМАЛАТОВ - КЕНТ ӘКІМІ
Ұзындығы 10 км жуық болады, қаржы жоба құны 670 млндай, қазір ауданымыздың орталығында толығымен, тоқсан пайызға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді деп айтуға болады, қалған енді біршама тұйықтар бар, келер жылдың еншесінде деп сендіреміз енді, кент орталығында барлық жүз пайыз газдандыру жұмыстары жүргізілген, ауыз су толығымен қамтылған. Қазіргі таңда Жалағаш кенті, Дәуімбай елді мекені бойынша элеткр жүйесін жаңғырту бастау алды, қазіргі таңда мемлекеттік сатып-алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалағаш кентінің пойыз жол торабы бөліп тұрғандықтан екі жақ бетке, енді біреуі кент орталығына, біреуі Дәуімбай елді мекеніне демеуші есебінен балалар ойын алаңын салу жоспарлануда, аудан әкімдігінің қолдауы бар .
Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Жалағаш ауданының әлеуметтік- экономикалық әлеуеті жылдан жылға артып келеді.