#qyzylordatv
Сенат депутаты Руслан Рүстемов Сың өңіріне жұмыс сапырмен келді. Сапар аясында тұрғындармен кездесіп, көпбейінді орталық аурухана жанында салынып жатқан қосымша ғимараттың құрылысын көрді.
Жоғары палата үшінші сессия барысында 89 заңды қарады. Оның 75-ін мақұлдап, 14-ін Мәжіліске қайтарды. Қаралған заңдар қатарында бюджет, салық және су кодекстері бар. Алдымен аудан халқымен кездескен сенатор Руслан Рүстемов қабылданған заң жобаларында ел тілегі ескерілгенін атап өтті.
РУСЛАН РҮСТЕМОВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ // Жалпы, парламент тарапынан қабылданып жатқан заңдарда осы бағытта қабылданып жатыр деп айтуға болады. Кез келген қабылданған заң болсын, кодекс болсын ел мүддесі ескерілуге міндетті. Депутаттар тарапынан 170-ке жуық сауал жолданды Үкіметкен. Осы елдің көкейіндегі мәселелер жолданып жатыр.
Былтыр Байкенже ауылында 150 орындық мектеп пайдалануға берілді. Осылайша, 1500-ге жуық тұрғыны бар елді мекеннің ең өзекті мәселесі шешімін тапты.
СМАТУЛЛА БЕКНАЗАРОВ - АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ //Майда балдарымыз 1 сынып оқитындар қыстыгүні қатынау өте қиын еді. Сосын сыйымдылығы аз тұғын ескі мектептің. Сентябред пайдалауға берілді Керемет жақсы.
Енді тұрғындар ауылға табиғи газ тартылса деген тілек білдірді. Жауаптылар Сырдарияның арғы бетіндегі 8 ауылды газдандырудың алғышарты жасалғанын айтады. Алдымен, газ желілерін тарту Өзгент, Ақжол, Ақсуат ауылдарында жүргізілмек.
ҒАЛЫМЖАН ЖАРҚЫНБЕК - АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ // Жоғары қысымды газ келген жоқ. Ол бірінші қаңтардан басталады. Бірінші жоғары қысымды газды әкеліп алсын, кеше қызылқұм компаниясы да қызығушылық танытып жатыр. Егер бізге 1000 куб обемь берсеңіздер Байкенже мен Билібайға проекті жасап беруге мүмкіндігіміз бар деп жатыр.
Ал, Жаңақорған кентіндегі көпбейінді орталық аурухана 2008 жылы салынған. Биыл емдеу нысанының жанына қосымша ғимарат салынып жатыр. Құрылысы қараша айында аяқталады. Пайдаланға берілген соң ауданда бұрын-соңды болмаған қондырғылар орнатылмақ.
РУСЛАН РҮСТЕМОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ // Бұл диагноздарды ерте анықтауға, аурушаңдықты алдын алуға үлкен септігін тигізетіні сөзсіз. Барлық қаражаттары ғимараттың жүргізілуіне толық бөлініп отыр. Сондықтан сапалы аяқталады деген үмітіміз бар.
Құрылыс жұмыстарын бағамдаған сенатор аталған нысанның аудан үшін маңызды екенін жеткізді. Сондықтан сапаға мән беру керектігін еске салды.