#qyzylordatv

Тіл туралы заңға сәйкес, мейрамханалар мен жылдам дайындалатын тамақтану орындарында ас мәзірі қазақ тілінде жазылуы тиіс. Алайда бұған қолды бір-ақ сілтейтіндер азаймай тұр. Осыған сәйкес, қала әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топ орталықта орналасқан бірнеше мейрамхананы аралап, бірлескен профилактикалық іс-шара жүргізді.

 Кезекті рейд Байтұрсынов пен Абдреев көшесі бойында орналасқан тамақтану орындарында болды. Іс-шарада мамандар нысан иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүрігізіп, анықталған кемшіліктерді тез арада ретке келтіру керектігін тапсырды. Сондай-ақ, заң бойынша ойын-сауық орындарының маңдайшасында жазылған атаулар бірінші мемлекеттік тілде, сонан кейін өзге тілде жазылуы шарт. Жұмысшы топ өкілдері меншік иелеріне ескерту беріп, тиісті талапты орындауларын қаперге салды.

Айта кетейік, жыл басынан бері мамандар осындай 91 нысан иесіне тіл нормаларын сақтау жөнінде ескертпе жасаған, оның ішінде 27-сі тілдік норманы сақтамағандығы анықталған.

 САЛТАНАТ ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ – ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ //Қала әкімдігінің жаңа құрылған мобильді тобы бірігіп қала ішіндегі кәсіпкерлік нысандардың маңдайша жазулары нұсқағыштары сыртқы жарнамалары және ас мәзірі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жүрміз. Бұл түсіндірме жұмыстары барысында бірінеше тіл туралы заңның 21 тармағына сәйкес келмеушілік анықталып жатыр. Осы ағымдағы жылдың алтыай ішінде 91 нысанға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп оның ішінде 27 тілдік нормаға сәйкес келмейтіні анықталды. Рейдтік жұмыстарды жүргізу барысында 21 бабынан үзінді деректемелермен көрнекі ақпараттардан үзінді сәйкессіздігін түсіндіретін жарнама таратылды.