#qyzylordatv

Биыл Жаңақорған ауданындағы 7 елді мекенді көгілдір отынға қосу үшін бюджеттен 4,7 млрд теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып кетті. Сондай-ақ, тағы 7 ауылда тозығы жеткен электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Мұнан бөлек, көпбейінді орталық аурухана жанынан салынып жатқан қосымша ғимараттың құрылысы қазан айында аяқталып, ел игілігіне табысталмақ. Өлкедегі жаңа бастамалар мен жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімі Мажит Самитов баспасөз брифингінде хабарлады.