#qyzylordatv
Облыс орталығында спортты жанына серік еткен жандардың қатары көбейіп келеді. Яғни, қазір қалада 156 мыңға жуық тұрғын бұқаралық спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысады. Бұл туралы қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Думан Бодықов баспасөз мәслихатында хабарлады.
Жалпы, алғашқы жартыжылдықта 70-тен астам спорттық сайыс ұйымдастырылған. Оған 5 мыңға жуық жас ерікті түрде қатысыпты. Сондай-ақ, ересектер арасында да бұқаралық спортқа бұй түзегендердің қатары көбейіп келеді. Әрине бұған салада жасалған оңды өзгерістердің әсері мол. Соңғы жылдары шаһарда спорттық сауықтыру нысандары жиі бой көтеруде. Мұнымен қоса, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы жанұя жеткіншектеріне «Евразия», «Мұз» айдыны секілді спорт кешендеріне тегін жолдама беру бастамасы қолға алынды. Биылдың өзінде дәл осындай қолдауға шаһардың 6 мың оқушысы ие болды.
ДУМАН БОДЫҚОВ – ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ / Жыл көлемінде қала және қалаға қарасты кенттермен ауыл тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында 46 492 мың теңге қаралды. Қараған қаражат есебінен 49 спорт нұсқаушы жұмысқа тартылып, 3528 спортшы қамтылу жоспарлануда. / Сонымен қатар, Қызылорда қаласының әкімдігігнің қолдауымен пара пауэрлифтинг спортшыларын тасымалдау үшін Инвотаксимен қамтамасыз етіліп отыр/