#qyzylordatv
Қызылорда қаласында бірнеше зергерлік дүкеннен алтын бұйымдарды ұрлады деген күдікпен 49 жастағы әйел ұсталды. Оқиға шаһардағы сауда үйлерінің бірінде болған. Күдікті зергерлік дүкенге кіріп, сатушыдан бірнеше сақинаны көрсетуін сұраған. Содан кейін сатушыны алаңдатып, алтын бұйымдарды жасырын түрде алып кеткен.
Қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын сотты болған облыс тұрғыны ұсталды. Тергеу кезінде оның қала аумағында жасалған тағы үш ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталып отыр. Қазіргі уақытта азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.