#qyzylordatv #жұмысшымамандықтаржылы
Жұмысшы мамандықтары жылы экономикаға қажетті бағыттарды мемлекеттік қолдау аясында гранттардың 60%-ы инженерлік, техникалық мамандықтарға бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл экономикадағы сұранысқа ие салаларда мамандар даярлауға басымдық беріліп отыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндады.
САЯСАТ НҰРБЕК – ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ
// / «2023 жылы 186 мың мектеп бітіруші болса, былтыр 188 мың, биыл 216 мың бала мектеп бітіріп, жоғары білімге қадам басты. Жалпы бакалавр деңгейінде 78 мыңға жуық грант, магистратура мен докторантураға 93 мыңнан астам грант бөлінді. Сүйінші жаңалық - биылғы "Жұмысшы мамандықтары жылында» бөлінген гранттардың 60%-дан астамы инженерлік, техникалық мамандықтарға берілген. Жоғары сұранысқа ие 3 бағыт: педагогика 13 мың грант, ақпараттық технологиялар және жасанды интелект 11 мың, инженерлік бағытқа 18 мыңнан астам грант бөлінді. Осы жылдан бастап біз сирек мамандықтарға ветеринария, энергетика, су шаруашылығы, ирригация, гидротехнологиялар саласында өңірлік квоталарды енгіздік///
Министрдің айтуынша енді өңірлік университеттер сол өңірдің экономикасына керекті, тапшы мамандықтарға гранттар бөледі. Былтыр су шаруашылығы мамандықтары бойынша Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылды. Биылдан бастап оларды қолдау мақсатында арнайы квоталарды бөлуді бастаған. Сондай-ақ Биыл алғаш рет әскери борышын өтеп келген азаматтарға 20 мыңдай гран бөлініп отыр.
САЯСАТ НҰРБЕК – ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ
// Былтырдан бастап Қорғаныс министрлігімен бірге жасаған жұмысымыздың аясында биыл тұңғыш рет әскери борышын өтеп келген азаматтар 2 мыңға жуық грантқа ие болды. Сондықтан әскери борышын өтеуге ынталандыру бағытында арнайы осындай квота енгізілді. Ата-анасыз жетім қалған балаларға, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға да арнайы квота бөліп, қолдайтын болдық. Тағы да бір сүйінші жаңалық – биыл "Серпін" бағдарламасының аясында тарихи рекордтық көрсеткіш орын алды – 83% грант игерілді. 3-4 жыл бұрын бұл көрсеткіш 40-50% ғана болатын, былтыр 67%-ды құрады. Бағдарлама шеңберінде талапкерлер 9 өңірге барады//