#qyzylordatv

Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округтердің тыныс-тіршілігі көз қуантады. Жыл басынан бері Ақжарма ауылдық округінде жол, инфрақұрылым және әлеуметтік сала бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған. Жалпы елді мекеннің дамуына бағытталған жобалар кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр.

Мәселен бүгінге дейін Баймұрат батыр ауылындағы 19 жаңа көшеге қиыршық тас төселіп, жұмыстың 90 пайызы аяқталды. Көшедегі ескі шамдардың жүзге жуығы жаңа жарық шамдармен алмастырылды. Ауылдық округте кәсіпкерлік және әлеуметтік сала бойынша да ілкімді істер атқарылуда.

 САТТАР ӘБДІРЕЕВ - АҚЖАРМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША2025 жылға ӨИҚ арқылы жеңілдетілген несие алуға 1 жоба (жылыжай), «ауыл аманаты» бағдарламасына 1 жоба (сто) ашуға құжаттар рәсімделіп, несие алуға талаптануда.Әлеуметтік сала бойынша: ауылдық округте әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының, көпбалалы аналардың мұң-мұқтаждарын үнемі назарда ұстау мақсатында құзырлы органдармен бірлесіп, шешімін табу бағытында біршама жұмыстар атқарылып келеді. атап айтқанда -2025 жылы 6 айда - 12 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. өздеріңіз байқап отқандай жыл сайын әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны қарқынды түрде азайып келеді. Бұл үрдіс азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыру және түрлі мемлекеттік бағдарламаға тартуға байланысты.

 Ауылдық округте алдағы уақытта аяқ су жүйесін жаңарту, жаяу жүргіншілер жолын салу, спорт кешенін тұрғызу және инфрақұрылым желілерін тарту жоспарланған. Жобалардың бір бөлігі республикалық бюджетке ұсынылса, бір бөлігі демеушілер есебінен жүзеге асырылмақ.