#qyzylordatv
Облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары мен Ұлттық Банк филиалының және облыстағы екінші деңгейлі банктердің өкілдері бас қосты. Жиында қылмыстық қаражаттарды қолма-қол ақшаға аударудың алдын алу және көлеңкелі экономикамен күресті ширату мәселелері талқыланды.
Екінші деңгейлі банкетр бойынша талдау барысында былтырға қарағанда заңды тұлғалардың қолма-қол ақша шешуі көбейгені анықталды. Мамандардың айтуынша, көлеңкелі айналымда жүрген қаржының жартысына жуығы жалған шот фактура жасау, қаржы пирамидасы, шет елге ақша қаражатын заңсыз шығаруға қатысты болып отыр.
ҚАЙРАТ АХМЕТОВ – ОБЛЫС БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ //
Президент ұсынған заң мен тәртіп аясында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде күн тәртібінде екі мәселе талқыланды, біріншіден, департаментің қолма-қол ақша айналдыру жағынан жүргізілген талдаулар жайлы баяндама атап айтқанда ағымдағы жылдың сәуір айымен наурыз айын салыстыратын болсақ 638 млн теңгеге көбейген немесе 14,3% -ға артқан, бұл өсім ай сайын артуда. Жалпы қазір заңсыз қолма қол ақша көбейіп барады, сондықтан мұндай жиындар заң бұзушылыққа жол бермеуге үлкен септігін тигізеді. Бұл бағытта профилактикалық жұмыстарды әлі де жалғастыра береміз.