#qyzylordatv
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық аясында Қызылордадағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан жеті адам бостандыққа шықты.
Мемлекет басшысы қылмыстық-атқару жүйесін ізгілендіру мақсатында 15 мыңнан астам сотталған азаматқа рақымшылық жариялаған болатын. Жаза басқандарға қоғамға қайта оралуға мерзімінен бұрын берілген мүмкіндік бұл.
МАҚСҰТ ӨТЕТІЛЕУОВ — ҚАЖД №60 МЕКЕМЕ БАСТЫҒЫ
/// Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қатысты № 60 мекемеде қазіргі таңда 900-ден астам сотталған ұсталады. ҚР Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық заңы қолданылуда. Қазіргі таңда 110 сотталған мекемеде рақымшылыққа жатады. Қысқартылғандарды, бүгін қаралғаны 14 сотталған. Рақымшылыққа ілінгендердің қылмыстары ұрлық және алаяқтық бойынша сотталғандар. Ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар рақымшылыққа жатпайды.
Рақымшылықпен бостандыққа шыққандардың бірі — ұрлық жасап сотталған 39 жастағы тұрғын. Жаза мерзімі 11 айға қысқарған ол қылмысы үшін қатты өкінетінін айтады.
ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ
/// Мен 2024-те сотталғанмын. 2 жыл алғанмын, ұрлықпен. 11 айым қалғанда рақымшылыққа іліндім. 11 айын тастап шығып отырмын. Шыққаннан соң жұмыс тауып, орналасқым келеді. Өте қатты өкінемін. По глупости дегендей ғой, ішкенмін, сондай болды. Үлкен қызым осы жылы 18-ге толды. Туысқандарым, туған апам, қызы бар үйде. Осы жаққа қайтып келмеу үшін бәрін жасаймын ғой. Үлкен рахмет мемлекетке. Қуанып отырмын, 11 ай ол да срок.
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
//// Конституцияның 30 жылдығына рақымшылыққа інім шығайын деп жатыр, қуанышытымыз. Енді бұл жаққа келтірмеуіне ақылымызды айтамыз. Бауырлары күтіп отыр, қарындастары, әкесі күтіп отыр. Бүгін шығарып алуға келіп отырмын, енді бұл жерге әкелмесін.
Бостандыққа шыққандар істеген істеріне өкініп, алдағы уақытта қоғамға пайдалы болуға ниетті екенін жеткізді.