#qyzylordatv #жұмысшымамандықтаржылы

Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының өзі былтырғы жолдауында айтқан еді. Колледждер ұсынатын түлектер туралы статистиканы қарасақ, 90 пайызға жуығы диплом алған бойда жұмысқа орналасады. Бұл көрсеткіш жұмысшы мамандықта оқып жатқан студенттердің екі қолға бір күрек табатының аңғартады. Келесі бейнематериалымыз жас мамандарды еңбек нарығына дайындап жатқан Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі туралы болмақ.

Арнайы орта білімі бар шиелілік Мадияр Бегенов техникалық қызмет көрсетумен айналысады. Жұмысқа тұрғанына бір айға жуықтапты. Колледж қабырғасында жүріп-ақ ол осы жерде үш жыл қатарынан тәжірибеден өткен. Біраз төселіп қалған маман қолына диплом алған бойда жұмысқа қабылданды. Қазір ол жүк көліктерінің қозғалтқыштарын жөндейді.

 МАДИЯР БЕГЕНОВ – СЛЕСАРЬ // Автошаруашылықтағы жол механизмдерін жөндеу слесарі болып қабылдандым. Қазіргі уақытта «Краз» моторын шашып, жинау соны үйреніп жатырмыз. Моторды бірінші рет жөндеп жатырмын, өзіме қызық. Әр болтты бұраған сайын, мотордың әр затын білген сайын қызық болып жатыр. жоспарым, компанияның бір жетістігіне жақсылап жұмыс істеп үлесімді қосу//

 Статистикаға сүйенсек, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжін бітірген түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылады. Бұған колледждің кәсіпорындармен әлеуметтік серіктестік орнатуы оң әсер етіп отыр, дейді мамандар. Мысалы, арнаулы оқу орны аудандағы 5 шаруа қожалығы, 3 кәсіпорынмен іскерлік әріптестік орнатқан. Студенттер бірінші курстан бастап сол мекемелерде тәжірибе жинайды. Кейін, оқуын бітіргеннен кейін жас мамандардың басым көпшілігі сонда жұмысқа орналасады.

 БОЛАТ СҮЛЕЙМЕНОВ – ШИЕЛІ ИНДУСТРИАЛДЫ-АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ //Биыл 15 білім алушыға жұмысқа жолдама бердік. Келісімшарттардың, меморандумның негізінде басқа өндіріс орындарына, шаруашылықтарға диплом алған күні бізден шығып кетті. Қалғанына жұмыстар жүріп жатыр, күзге дейін барлығы жұмысқа орналасады деп отырмыз. Жаңа жылдан бастап үлкен жұмыстар министрлікпен жасалды. Оның басмы көпшілігі уран өндірісіне байланысты. Оператор, аппаратчик деген мамандықтар. Қазақстанда біз бірінші болып ашамыз//

 Биыл аталған колледжді 18 мамандық бойынша 75 түлек бітіріп шықты. Олар меңгерген электрик, дәнекерлеуші, техник-механик, тігінші және ауыл шаруашылығы мамандары еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие.