#qyzylordatv
Бүгін Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ұстаздардың республикалық тамыз конференциясы басталды. Білім беру жүйесінің бүгіні мен болашағына бағдар беру мақсатындағы республикалық іс-шара “Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман” тақырыбымен өтіп жатыр.
Конференцияның негізгі бағыты ретінде «Адал азамат» бағдарламасы аясында оқыту мен тәрбиелеудің интеграциясы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы кәсіби бағдар беру және болашақ дағдыларды қалыптастыру, әдеп, қауіпсіздік және сапаны ескере отырып, орта білім беруге жасанды интеллектіні енгізу мәселелері талқылануда. Сонымен қатар, «Қазақстан балалары» стратегиясын жүзеге асыруда мүдделі органдардың өзара іс-қимылын дамыту, мектептерде инклюзивтік білім беру тәжірибесін жетілдіру мәселелері күн тәртібіне қойылған.
Конференция қорытындысы бойынша педагог мәртебесін арттыруға бағытталған қарар қабылданады. Салтанатты бөлімде білім беру саласының үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі де жоспарланған.