#qyzylordatv

Соңғы жылдары облыс орталығы ғана емес, шаһардың шет аймақтары мен қалаға қарасты ауылдардың да ахуалы түзеліп келеді. Тұрғындардың сұранысына сай көгілдір отынмен қамту, электр желілерін жаңарту, жол жөндеу, әлеуметтік нысандар салу жұмыстары кезең кезеңімен жүргізілуде. Мәселен, Досан ауылында биыл 3 көшеге қиыршық тас төселсе, тозығы жеткен электр желісі ауыстырылып жатыр.

 Қала іргесіндегі Қосшыңырауда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Өткен жылмен салыстырғанда салық түсімі артып, ауылдың бюджетті өсті. Биылдың өзінде 12 кәсіпкерлік субьектісі тіркеліп, жаңа жұмыс орындары ашылды. Ал, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жалпы құны 29 млн. теңге болатын 5 жоба мақұлданды.

СЕЙДУАЛИ ӘБДІҚАДЫРОВ, ҚОСШЫҢЫРАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ «Ауыл аманаты» деген өте тиімді бағдарлама. Жаңа айтып өттім биылдың өзінде бес жоба қалдау тауып, кәсіпкерлер өнімін шығарып жатыр...\

Тұрғындардың негізгі кәсібі мал және егін шаруашылығы. Қосшыңырау ауылдық округі бойынша биыл 1579 гектарға күріш, 131 гектар жерге бидай егілді. Жыл өткен сайын мал басы да артып келеді. Ауылдағы ең өзекті мәселенің бірі – жарық. Себебі, көшедегі электр бағаналары ескірген, тоқ сымдары тозған. Бұл түйткілдің түйінін шешу мақсатында Досан ауылында құрылыс жұмыстары басталды.

 СЕЙДУАЛИ ӘБДІҚАДЫРОВ, ҚОСШЫҢЫРАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ \ Досан елді мекенінде талапқа сай электр қуатымен қамтасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Жобаның жалпы құны - 339,9 млн теңге. Электр желілерін тарту бойынша мердігер «Техсервис» ЖШС- мен келісім жасалды. Электр бағаналарын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр....\

Ал, Абай ауылында түнгі жарықтандыру жұмыстары қолға алынбақ. Сондай-ақ, жаттығу алаңы салынады деп жоспарланып отыр.