#qyzylordatv
«Ауыл» партиясының өңірдегі филиалына жаңадан төраға тағайындалды. Бұл міндет Садық Мұстафаевқа жүктеліп отыр. Жаңа жетекшіні жергілікті партия активіне «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Ғалымжан Құсманғали таныстырды.
ҒАЛЫМЖАН ҚҰСМАНҒАЛИ – «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Құрметті Садық Шоңмұрынұлы өзіңізді жақсы танимыз, жұмысыңызды білеміз. Ендігі кезекте «Ауыл» партиясының дамуына, осы өңірдегі өзекті мәселелерді шешуге бар күшіңізді саласыз деп сенемін//
Ғалымжан Мұратұлы өңірдегі филиал алға қойылған міндеттерді ойдағыдай атқарып, партия жұмысын жаңа деңгейге шығаратынына сенім білдірді.