#qyzylordatv #жұмысшымамандықтаржылы

Соңғы үш жылда аймағымызда 5 мыңнан астап пәтер табысталып, 25 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілген. Қазір Қызылорда облысы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі көрсеткішімен республика бойынша алғашқы үздік бестіктің қатарында. Осынау толайым табысқа жетуде құрыш қолдыс құрылысшылардың жанкешті еңбегі жатыр. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен өткен шарада еңбек озаттары марапатталып, құрметке бөленді.

Қызылорда қарқынды құрылыс алаңына айналғаны қашан. Соңғы үш жылдың өзінде өңірде 300-ге жуық нысан пайдалануға берілді. Бүгінге дейін 35 білім ордасы бой түзеп, 40-қа тарта емдеу мекемелері еңсе тіктеді. Мәдениет пен спорт саласы да назардан тыс қалған жоқ. Келбеті келісті ғимараттардың барлығында құрыш қолды құрылысшылардың қолтаңбасы бар.

 НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ /// Биылғы жылы 96 жобаны іске асыруға 166 млрд теңге 800 млн теңге қаржы қаралып, 2022 жылмен салыстырғанда 8 есеге артты. Нәтижесінде, құрылыс жұмыстарының нәтижесі бойынша РБ үздіктер қатарында келеміз . соңғы 3 жылда облыста қаржыландырудың барлық көздерінен 2 млн 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

 Дәл қазір 11 мың орындық жаңа стадион, «Қызылорда арена» және онкологиялық бөлімшесімен бірге, бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсектік аурухана салынуда. Әлеуметтік нысандар ел игілігіне қызмет ететінін ескерсек, құрылысшылардың еңбегі ерен. Мерейлі мезетте аймақтың ажарын айшықтап, сәулетіне сән берген еңбек адамдары марапатталды. Сондай-ақ, сала үздіктері «Достық», «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек даңқы» орден-медальдарын кеудесіне тақты.

 БАУБЕК СӘДІБЕКОВ – «ИМАН» ЖШС ДИРЕКТОРЫ // Білім саласындағы, мектептерді қайта жаңғырту, мектеп салу жәнеде мынау былтыр қызылорда облысында руханият жылы болды. соны қолдау мақсатында 7 ауданда руханият орталықтары салынды. соның қармақшы мен аралдағы руханият орталығын «иман» серіктестігі салып, өткізді.

 АИДА ИБРАГИМҚЫЗЫ – «АБУ-СЕР» ЖШС ҚАРЖЫ ДИРЕКТОРЫ /// Қазіргі кезде біз ұлттық жоба аясында «Жайлы мектеп» жобасын жүргізіп жатырмыз. Бұған дейін Жаңақорған ауданы, Майбекет ықшам ауданында 300 орындық мектеп, Байкенже аулында 150 орындық мектеп құрылысын бітірген болатынбыз. 2024 жылы 7 қабатты тұрғын үйді қолданысқа бердік. Құрыш қолды құрылысшыларға сәттілік тілеймін.

 Осы тұста айтып өтетін, жайт. Қазір аймақта құрылысқа қажетті өнімдердің дені өзімізде өндіріліп жатыр. Темір-бетон, ағаш, шыны, маталл-паластик зауыттары іске қосылды.

 Құрылысшы – қадірлік мамандық. Әрбір төселген тас, қағылған шеге, қаланған кірпіш маңызды рөл атқарады. Өйткені, салынған ғимараттар ұзақ жыл халыққа қызмет етуі қажет. Осынау маңызды міндетті мойнына алған мамандар қашанда мәртебілі. Салтанатты шара соңы еңбек озаттарының құрметіне арналған концерттік бағдарламаға ұласты.

https://youtu.be/uhrZDGlqWYY