#qyzylordatv

Қайғылы жағдай. Бүгін таңғы сағат 8-дің шамасында қаладағы Светлый каналдан ер адамның денесі табылды.

Мәйітті ең алғаш қала тұрғыны байқап қалып, хабарлама берген. Жедел құтару жасағының қызметкерлері мүрдені судан алып шыққан. Полиция департаментінің баспасөз қызметі, марқұмның жеке басы анықталғанын хабарлады. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.