#qyzylordatv
Қызылордада 10-шы тамыз күні 31 сәби дүние есігін ашты. Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының мерейтойымен тұспа-тұс келгендіктен екі отбасының ата-анасы өз ұлдарына Абай есімін беруді жөн көріпті.
Қос Абайдың туу туралы куәліктері отбасы орталығында салтанатты түрде табысталды. Қызығы сол, Абай есімі берілген әрбір сәбиге жеке қордың есебінен 180 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталмақ. Ол үшін тек тиісті құжаттарды жинау қажет.
Ал ұлы Абайдың мерейтойында немерелі болған қала тұрғыны Мереке Бөлекеева: «Жас ұрпақ ұлы ойшылдың өнегесімен, халқымыздың асыл мұраттарымен сусындап, жүрегі мейірімге, сөзі парасатқа толы, еліне сүйікті азамат болып өссін!» деген тілегін жеткізді.
Мереке Бөлекеева — Абайдың әжесі
Ұлы ақын хакім Абайдың құрметіне, 180 жылдығына орай келінім босанды. Сол кісінің құрметіне Ұлы Абайдай дана болсын деп, есімін өзім Абай деп қойдым. Болашағы жарқын болсын, сол күні туған барлық нәрестелердің жолдары ашық болсын. Ұлы Абай атамыздай дана болсын, еліне құрметті қызмет етсін. Екінші немерем ғой.