#qyzylordatv

Елордада гандболдан 2009 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Жарыс нәтижесінде Қызылорда облысының құрамасы күміс жүлдені олжалады.

Тамыздың 5-сі мен 12-сі аралығында өткен қол добы сайысында Сыр спортшылары жүлделі ІІ орынға ие болды. Финалда қарсыластарын 26:24 есебімен ұтты. Сондай-ақ, жарыс барысында спортшыларымыз Нұрдана Қырғызбай мен Төлеміс Әлинұр үздік ойыншы атанды.