#qyzylordatv
3 күннің ішінде балалар тасымалына қатысты 305 тәртіп бұзушылық тіркелген. Полицейлер заңға қарсы әрекеттерді «Балабақша» рейдтік іс-шарасы барысында анықтады.
Жалпы, аймақта балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Жыл басынан бері «Қауіпсіз жол», «Тасымалдаушы», «Мотокөлік», «Абайлаңыз, балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тамыз айының 11-13 күндері ұйымдастырылған «Балабақша» іс-шарасы аясында балаларды тасымалдаудың қауіпсіздігін арттыруға басымдық берілді.
РАУАН ӘЛДЕШОВ – ОПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Жалпы, балалармен болатын жол көлік оқиғалары былтырғымен салыстырғанда 61 пайызға жоғары, былтыр 154 болса, биыл 248 болып тұр. Бірақ олардың қайтыс болғаны төмен, жарақат алған жасөспірімдерің саны артып отыр. Талаптардың бұзылып жатқаны кіші сиымдылықтағы автокөліктерде болып жатыр. Ішінде 7 орындығы болғанымен көп бала тасыған. 7 бала отырады да қалғандары тұрып тұрады. Арнайы белдемшесіз... Таңертеңгілік күнделікті рейд кезінде балалар тасымалдаған көліктерді тоқтатып, ішін тексеріп көреміз//