#qyzylordatv

Ауыл спортшыларының 38-ші спартакиадасы басталды. Биыл ауқымды спорт додасы облыс орталығында ұйымдастырылып, оған 1000-нан аса спортшы қатысып жатыр.

Дәстүрлі дода бүгінде ауыл жұртшылығы асыға күтетін спорттық шараға айналды. Жылдан жылға қатысушылар қатары көбейіп, спортшылардың шеберлігі шыңдалып келеді. Осы кезге дейін байрақты бәсекеден талай саңлақ үлкен спортқа жолдама алып, қазір халықаралық додаларда ел мерейін асырып жүр. Биыл 38-ші мәрте жалауы желбіреген спартакиаданың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жалағаш ауданының тұрғыны Гүлдана Қаппарова спартакиадаға 15 жылдан аса уақыт қатысып келеді.Ауыл ойындарында талай мәрте топ жарып, жүлдегер атанған. Енді өзі де жастарды спортқа баулып, біршама чемпионды тәрбиелеп шығарды.

 Қызылордадағы спартакиадада жеті ауданнан келген мыңнан аса спортшы өнер көрсетіп, спорттың 16 түрінен өзара сынға түсіп жатыр. Солардың бірі – аралдық Шыңғыс Нұрбай.

Ал, дүбірлі дода бір аптаға созылады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімі 26-тамызда белгілі болмақ.