#qyzylordatv #жұмысшымамандықтаржылы
Жұмысшы мамандықтардың маңызы күннен-күнге артып келеді. Қоғамға кәсіби шеберлігі жоғары мамандар қажет. Осы сұранысты қанағаттандыруға 70 жылға жуық тарихы бар Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі үлкен үлес қосып келеді.
1953 жылы кәсіптік-техникалық училище ретінде құрылған оқу орны 2013 жылы колледж мәртебесін алды. Бүгінде мұнда 320-дан астам студент білім алуда. Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі 5 мамандық, 10 біліктілік бойынша жұмысшы кадрларды даярлайды. Оқу орны тек теориялық біліммен шектелмей, тәжірибелік машықтарды меңгертуде де үлкен қадам жасап отыр.
БЕКАРЫС ІЗДІБАЕВ - АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ // Бұл 1953 жылы кәсіптік-техникалық училище ретінде құрылған. Қазіргі таңда колледжде 320 бала білім алуда. Бізде колледжде басты ерекшелік білікті жұмысшы кадр мамандықтарын дайындай аламыз. Оған біздің материалдық техникалық базамыздың құзыреттілігі толықтай жетеді.
Колледж «Жас маман» бағдарламасы аясында екі құзыреттілік орталығын ашқан. Оның бірі- ауыл шаруашылығын механикаландыру саласы болса, екіншісі- «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша заманауи аспаздық зертхана. Сонымен қатар, студенттер WorldSkills чемпионаттарында жүлделі орындарды иеленіп жүр.
МИЛАНА САЙДУЛЛАЕВА - АСПАЗ //Аспаз-кондитер мамандығы бойынша бітіріп, қазіргі таңда жұмыс жасап жүрмін. Кішкентай кезімнен өте қатты жақсы көрген мамандығым болған соң осы мамандыққа түскем. Колледж оқып жүрген кезімде World Skills чемпионатында жүлделі 3 ші, 2 ші орын алып жүрдім.
70 жылдан аса тарихы бар оқу орнын тәмамдаған түлектер бүгінде едің түкпір-түкпірінде еңбек етіп, ел дамуына үлес қосып жүр.