#qyzylordatv
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы қызметіне Ернұр Бурахан тағайындалды.
Ернұр Көшерханұлы 1981 жылы 16 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Журналистика саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Әр жылдары «Qazaqstan» телеарнасында тілші, тележүргізуші, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Ақтөбе облыстық филиалының директоры, «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Қазақ радиолары» ЖШС директоры қызметтерін атқарды. Соңғы екі жылда Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметінде болды.