#qyzylordatv
Кәсіп ашып, бизнеспен айналысам деген азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау бар. Жұмыссыз адамдарға қайтарымсыз грант берілсе, кәсібімді ұлғайтам деген тұрғындар жеңілдетілген пайызбен несие алуына болады. Мәселен, Қармақшы ауданында жыл басынан бері 48 азамат қайтарымсыз қаржы алып, бизнеске бет бұрған.
Мемлекеттік бағдарламаның игілігін көргендердің бірі – Гүлсім Баданова. Көмекбаев ауылының тұрғыны «жұмыс жоқ» деп қол қусырып қарап отырмады. Қайтарымсыз грант алып, жартылай фабрикатталған өнімдер шығаруды бастады. Қазір Гүлсімнің манты, тұшпара мен самсасына сұраныс көп.
ГҮЛСІМ БАДАНОВА, КӘСІПКЕР \той томалақтарда, құда жолдарда тапсырыс береді. Бізде бәрі қолдан тартылған еттен істеледі. Өзіміз тартып жасаймыз. Бұрынғы күнімізден қазіргі күніміз жақсы. Құдайға шүкір деп айтамыз. Жұмыс жоқ деп жатсаң ешнәрсе болмайды. Күніне жоқ дегенде 10-15 мың теңге табамыз. Кейде құда жол, тойларда 30 мыңға дейін табамыз балдардың несібесіне \
Гүлсім бес баланың анасы. Кішкентайларына да көңіл бөліп, тірлігіне де үлгеріп отыр. Кәсіпкер келіншек алдағы уақытта қамыр жаятын, тұшпара бүретін аппарат алып, шағын цех ашсам,- дейді.
ГҮЛСІМ БАДАНОВА, КӘСІПКЕР \осы бөлмені үлкейтіп, әлдеде керек заттарымызды аламыз. Әрі қарай айналдлырсақ деген мақсатымыз бар өнім түрлерін көбейтіп....Пелменнің де, мантының да қамырын осындай аппаратпен илейміз. Бірақ жайған кезде қолмен жаямын, ол аппараты енді алам бұйырса.... \
Ал, отағасы Жаңаберген Әбдіраманов жылқы жаратып, бәйге атын баптайды. Атбегілік - атадан балаға берілген қасиет. Сондықтан ол өзінің бар білгенін, көрген түйгенін ұлдарына үйретіп келеді.
ЖАҢАБЕРГЕН ӘБДІРАМАНОВ, АТБЕГІ \Оригиналь деген ат. Өзімнің қолтумам. Тайында сегіз бәйге алды. Аттың бағы шабама, бабы шабама дейді. Сол сияқты атты баптап келтіру де оңай емес. Былтыр құнанға шапты, бес бәйге әкелді. Биыл дөненге шығып тұр. Балдардың қызығушылығы жақсы. Кішкентайынан осы балам шауып келе жатыр. Қыр-сырын үйренді. Келешек ат бапкері болса деймін. Бұлда өнер. Ат ұстауда оңай емес\
Иә, ат баптау оңай шаруа емес. Ал, тұлпар тақымдап, бәйгеге шабу үлкен өнер. Ең бірінші шабандоздың тақымы мықты болу керек. Кішкентайынан жылқы жалына жармасып өскен Нұржанға әкесі осы қағиданы үнемі еске салып отырады.
Міне, ауылдағы қарапайым отбасының күнделікті тірлігі осындай. Анасы кәсіп ашып, елдің алғысына бөленсе, әкесі ұлдарына тағлым беріп, нағыз азамат тәрбиелеп отыр.