#qyzylordatv

 Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жаңадан бой көтерген ғимаратына барды. Нысанды аралап, ондағы инфрақұрылыммен танысты.

 Мемлекет басшысына жедел басқару орталығы, қызметкерлердің жұмыс кабинеттері сондай-ақ қазіргі заман талаптарына сай жабдықталған арнайы бөлмелер көрсетілді. Президент елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға жоғары баға беріп, департаменттің материалдық-техникалық базасының нығаюы маңызды екенін атап өтті.