#qyzylordatv
Жанар-жағармай, газ құю бекеттері тұрғын үйлер мен ғимараттардан кемінде елу метр қашықтықта орналасуы тиіс. Себебі, қауіпті өндірістік обьектілердің нысандарға жақын орналасуы оқыс оқиғалардың орын алуына сеп болуда.
Мәселен, өткен жылы Шиелі кентіндегі май құю стансасының жанар-жағармай сақтайтын резервуары жанып, салдырынан қасындағы кәсіпкерлік ғимаратқа зақым келген. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мұндай оқиғаларды болдырмау және алдын алу үшін қауіпсіздік шараларына баса мән беру керектігін айтады. Сондай-ақ қала әкімдігімен бірлесіп профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін 12 жанар-жағармай құю бекеті алынып тасталды.
ӘДІЛЖАН ДАБЫЛОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ \Қазіргі уақытта өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін АГҚС иелеріне қатысты Бас прокуратурамен келісу арқылы жоспардан тыс тексерулер ұйымдастыру мақсатында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне ұсыныстар жолданды.....\