#qyzylordatv
Төретамда 60 жылдық тарихы бар теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр. Жолаушыларға жайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынған жұмыс жыл соңында аяқталады.
Теміржол вокзалы соңғы рет 2013 жылы ағымдағы жөндеуден өткен. Араға он екі жыл уақыт салып, жаңғырту жүргізіліп жатыр. Жоспарға сәйкес, нысан толықтай жаңа кейіпке енеді. Ғимараттың қабырғаларын нығайту, шатырын ауыстыру, есік-терезелерді жаңарту, жолаушыларға арналған күту залдарын заманауи талаптарға сай жабдықтау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ, вокзал аумағын көгалдандыру сынды ауқымды жұмыстар атқарылатын болады. Бұған «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» қаражат бөлген.
НҰРСҰЛТАН ҮСЕНОВ – УЧАСКЕ БАСШЫСЫ /// Вокзалды жөндеу жұмыстары шілде айында басталды. Жылдың аяғына дейін осы жұмыстардың барлығын бітіреміз деген ниеттеміз. / қазіргі таңда 20 адам жұмыс жасап жатыр. Толықтай жұмыс барысына көшкен кезде 60-70 адамға дейін жұмыс жасайды.