#qyzylordatv

Қала іргесіндегі Қарауылтөбе ауылдық округінде «Ауыл аманаты», «Іскер» бағдарламалары аясында тұрғындар кәсіп ашып жатыр.

 Мәселен, жыл басынан бері 6 кәсіпкерлік субъекті тіркеліп, жалпы құны 25,4 млн теңгені құрайтын 3 жоба қаржыландырылды.

 ҚОЙШЫБАЙ ЖҮСІПОВ – ҚАРАУЫЛТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ //2025 жылдың 2 тоқсанында 6 кәсіпкерлік субъекті тіркеліп, 6 тұрақты жұмыс орны ашылды. Үстіміздегі жылдың IІ тоқсанында «Бизнес-Бастау» бағдарламасы аясында 8 тұрғын оқу курсын аяқтап, қайтарымсыз грантқа өтініш беруде. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жалпы құны 8,6 млн теңгені құрайтын 1 жоба қаржыландырылды. «Іскер» бағдарламасы аясында жалпы құны 16,8 млн теңгені құрайтын 2 жоба қаржыландырылды//

Биыл ауылдық округтің инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, жаңадан қоныстанушы аумақтағы 5 көше жарықтандырылса, тағы бір көшеге балалар ойын алаңы салынды.

ҚОЙШЫБАЙ ЖҮСІПОВ – ҚАРАУЫЛТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ //«Жарықтандыру» бағдарламасы бойынша ауылдық округтегі жаңа қоныс аумағындағы №7, №8, №9 көшелеріне 3,3 млн. теңгеге көше жарық бағаналары орнатылды. Жолдарды жөндеу жұмыстары бойынша 500 мың теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауылдық округтің көше жарықтандыру бағаналарын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін «Қызылорда электр тарату тораптары» компаниясы АҚ-мен 10,5 млн теңгеге келісімшартқа отырып, электрмен жабдықтау жұмыстары жыл көлемінде жүргізілуде. Жалпы, алдағы уақытта ауылдық округіміздегі өзекті мәселелерді қаржы мүмкіндіктеріне қарай кезең-кезеңімен шешуге тиісті шаралар қабылданатын болады//