#qyzylordatv #жұмысшымамандықтаржылы

Қармақшы аграрлы-техникалық колледжін - жұмысшы мамандар ұстаханасы деуге болады. Түлектері де бір-бір істің басы-қасында жүрген, өз ісінің шеберлері. Іргелі білім ордасы туралы тілші бейнематериалында толығырақ.

 Қармақшы аграрлы- техникалық колледжінің тарихы 1959 жылдан бастау алады. Ең алғаш № 149 -шы ауыл шаруашылығын механизациялау училищесі болып құрылған. Кейін колледж статусын иеленген. Техникалық және кәсіптік білім беріп, нағыз майталмандарды даярлайтын аудандағы бірден-бір оқу орны үшін бүгінгі дәрежеге жету жолы оңайға соқпады. Оның артында көп ізденіс пен іргелі ұжымның қажырлы еңбегі тұр. Білім ордасында қазіргі таңда ауыл шаруашылығы, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, ветеринария және техникалық қызмет көрсету салалары бойынша мамандар оқытылады. Биылғы қабылдау электронды egov порталы арқылы жүргізіліп жатыр.

 ӘБДІКӘРІМ ЖҰБАНЫШОВ- ҚАРМАҚШЫ АГРАРЛЫ- ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ // Қармақшы агротехникалық колледжі 1959 жылдан бері тарихы бар үлкен іргелі оқу орнының бірі. Сол жылдардан бері 10 мыңнан үстінде жұмысшы мамамандарын даярлады. Қазіргі таңда 8 мамандық ,11 біліктілік бойынша білім алуда. Биылғы жоспарымыз бойынша студенттерді қабылдау egov порталы арқылы жүргізілуде.

 Колледж студенттерінің әлеуметтік жағдайына да жіті мән беріледі. 150 орындық жатақханасы бар. Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын жастар ай сайын 56 мың теңге көлемінде шәкіртақы алады. Ал әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттерге қосымша 20 мың теңге көлемінде ыстық тамаққа қаржы бөлінеді. Сонымен бірге оқу орнының материалдық-техникалық базасы соңғы жылдары біршама толықтырылды. Спорт және акт залы, кітапхана мен асхана, зертхана мен мультимедиялық кабинеттер студенттердің игілігіне берілген. Қазіргі таңда колледж бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында оқу процесінде жаңа технологияларды кеңінен қолдануда.

 ҰЛТУҒАН ЖАНАХАЕВА- ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ / Бізде биыл 25 студент қабылдаймыз тігін өнідірісіне 10 айлық курста тігінші маман иесі болып шыға алады. Осы 1 жылдың көлемінде тігінші мамандығын үйреніп шыға алады.

 Оқу бітірген соң жұмысқа орналасу маңызды. Бұл ретте еңбек нарығында жұмысшы мамандарға сұраныс жоғары екені белгілі. Екі қолға күрек тапқандардың бірі – колледж түлегі Рамазан Толыбай.

РАМАЗАН ТОЛЫБАЙ- ИНЖЕНЕР // Қазіргі таңда Қармақшы ауданының электр торабында жұмыс жасаймын. Атқарылған қызметім инженер болып табылады.

 Жақсы маман иесі болу үшін көп ізденіс, оқу, білім алу, ең бастысы мамандығына деген сүйіспеншілік қажет. Сол себепті колледжде оқу-өндірістік жұмысымен қатар жүретін жастардың тәрбиесінде патриоттық сезімдері мен адамгершілік қасиеттерін дамытуға, жеке тұлға болып қалыптасуына аса көңіл бөлінген.