#qyzylordatv
Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары Қарауылтөбе ауылында семинар өткізді. Өндірістік аймаққа егілген «Сыр сұлуы» күрішіне орақ салып, шаруашылық иелеріне жергілікті ғалымдардың төл туындысы таныстырылды.
ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ, ТІЛШІ \ Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары биыл 240 гектар жерге «Сыр сұлуы» күрішін екті. Жергілікті ғалымдар шығарған дақылдың бұл сорты басқа күрішке қарағанда тез піседі және суды аз тұтынады\
Мамандардың сөзінше «Сыр сұлуының» шығымы жақсы. Орташа есеппен гектарынан 50 центерден өнім аламыз,- деп отыр. Негізі лидер, янтарь сияқты ресейлік күріштің вегетациялық кезеңі 115-120 күн болса, жергілікті ғалымдардың шығарған сорты 105-110 күнде піседі.
СЕРІКБАЙ ӨМІРЗАҚОВ, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР \әрине, агротехнологиялық шараларды дұрыс сақтағанда өзінің нормативінде жұмыс жасаса күріш 55-60 центнерден өнім береді. Бұл рекордтық өнім емес, осы су тапшылығы жағдайында біздің жергілікті топырақ, климаттық мәселелерге бейімделген сорт екенінің көрінісі....\
«Сыр сұлуын» аймақта алғаш болып еккендердің бірі Қармақшы ауданындағы «Жаңа жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Шаруашылық төрағасы әдепкі жылдары гектарынан 70 центерден өнім алдық,-дейді. Жергілікті күріш сортының тағы бір артықшылығы - нарықта сұранысқа ие көрінеді.
ОРЫНБАСАР ТӨЛЕПОВ, «ЖАҢА ЖОЛ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ \нарықта сатуға ең қолайлы күріш осы. Өйткені товарный виді жақсы күріштің, тамаққа, кашаға, палауға бәріне жүре береді. Сол күрішті екенімізде ішінде қамыс шықпады. Отандық өнімді пайдалану керек, қолдау керек. Қазір лидер ауырып жатыр жиырма жылдай болды келгеніне\
Диқандарды алаңдатып отырған тағы бір мәселе, соңғы жылдары шетелдік сорттардың арасында аурушаңдық көбейіп барады. Оны өңдеу үшін арнайы препараттар алу керек. Оның үстіне тіршілік нәрінің тапшылығы тағы бар. Институт ғалымдары бұл мәселені шешудің бірден бір жолы – жергілікті климатқа бейімделген, суды аз тұтынатын әрі ерте пісетін күріштің түрлерін көбейту,-дейді. Сондай-қ, су үнемдеу технологиясын қолданудың тиімді тұстарына да айтты.
ЖАНҰЗАҚ БАЙМАНОВ, Ы.ЖАҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЗИ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \біріншіден жерді лазерлік тегістеуден өткізу, каналдарды тазалау, гидротехникалық құрылыстарды заман талабына сәйкестендіру,су есептеуді автоматтандыру және күріштің үлесін азайту керек.....\
Су үнемдеудің тағы бір тәсілі – қашыртқы-кәріз суларын қайта пайдалану. Бірақ ғалымдар мұны құптамай қоймайды. Себебі, қашыртқыдан алған судың құрамында тұздың мөлшері көп болады екен.
ЖАНҰЗАҚ БАЙМАНОВ, Ы.ЖАҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЗИ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \Қашыртқы суларымен жыл сайын суара берсек судың құрамындағы тұз атыздың бетінде сақталып, 5-6 жылдан кейін топырақ тұздылығы көтеріліп, дақыл егуге қиындық туғызады. Сондықтан күріш алқаптарына қашыртқы суларды қайта тазартып пайдалануға ұсыныс жасаймыз. Сол бағытта жұмыс жасап жатырмыз\
Өндірістік аймақтағы егіс алқабымен танысқан шаруашылық өкілдері мұнан соң семинарда бас қосты. Жиынға сенат депутаты Руслан Рүстемов, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев қатысып, вегетациялық кезеңдегі күріштің жағдайы, егісті әртараптандыру, су үнемдеу технологияларын қолдану, мемлекет тарапынан берілетін субсидия мәселесіне тоқталды.