#qyzylordatv #жұмысшымамандықтаржылы
Қазір ауыл халқы үшін қызу еңбекке толы қауырт шақ. Жерден ырзық несібесін терген шаруалар техника тізгіндеп, дала төсін дүбірге бөлеп жатыр. Адал азамат адал еңбегімен танылады демекші, біздің келесі кейіпкеріміз жастайынан трактор мен комбайн тізгіндеген Гүлсім Дәрібаева. Ол бүгінде бригада басқарып жүр. Халық алғысын арқалаған нағыз еңбек адамы туралы сюжетті бірге көрейік.
Тіршілігі егін шаруашылығымен біте қайнасып жатқан ақмаялық диқандар егін ору маусымына білек сыбана кірісіп кеткен.Ауыр техниканы тізгіндеп алып, жайқалған даланы әнмен тербеп келе жатқан жан – еңбек озаты Гүлсім Дәрібаева. Қырық жылдан бері еңбектің қазанында қайнаған ол қазір «Ақмая» шаруашылығында бригадир болып қызмет атқарады. Қыз баласы демесеңіз қиындықтан қашпайтын Гүлсімнің әр ісі тындырымды. Тіпті, комбайн тізгініне отыруға да жүрексінбейді. Дала дүбірі басталған сәтте ауыр техниканың тілін тауып, қызу іске білек сыбана кірісіп кетеді.
ГҮЛСІМ ДӘРІБАЕВА – БРИГАДИР //// Бұл саланы өзім мектеп қабырғасында жүрген кезде трактор сабағы болаыт. // Сол сабақты қатты ұнатып, сол уақыттан қызығушылық пайда болған. // Мектеп бітіре салысымен қара жұмысты қол жұмысынан бастап, комсомол жастар бригадасына келдім. Сол бригада преске көмекші болдым. Сүйтіп 86 жылдан механизатор болдым. Ол кезде пускаш тартасың, қиын тұғын. //қазіргі мынау комбайын бәрі автоматтандырылған. // бір жылдан соң пенсияға шығамын. Айдағым бар әлі.
Дала академигі атанған Ыбырай Жақаевтың туып-өсіп, ақ күріштен рекорд орнатқан Шиелі ауданында Гүлсімдей еңбек адамының өсіп-өнбеуі де мүмкін емес шығар, сірә. Сөзімізге дәлел, ғасырға жуық тарихы бар Ақмая ауылынан 16 Социалистік Еңбек Ері шыққан. Қазіргі таңда адал бейнетін, зейнетім деп білген кейіпкеріміз де сол игі дәстүрді жалғап, озаттар қатарынан көрініп жүр.
«Ақмая» шаруа қожалығы биыл 1300 гектар жерге «Лидер» күрішін орналастырған. Еңбектің ебін тапқан диқандардың ендігі мақсаты – ел ырысын ысырапсыз тез арада жинап алу.