#qyzylordatv
Мәжілісте "Ең төменгі жалақыны белгілеу туралы" заң қабылданды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова баяндама жасап, нақты деректерді келтірді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың сөзінше, бүгінде елімізде 780 мың адамның жалақысы 85 мың теңгеден әрі аспайды. Бірақ, мұның астарында жұмыс берушілердің айласы да жатыр, деді министр.
СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВА - ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ /// Талдау жүргізіп, өткізгенде ірі кәсіпорындар салықтан кету үшін, атаулы жарналар, атаулы төлемдерді республикалық бюджеттке аударымдардың төлемдерін азайту үшін 85 мың теңге төлеп, басқасын конвертпен беретіні сіздерге бәріңізге мәлім.
Мәжілісте Ең төменгі жалақыны белгілеу, қайта қарау, экономикалық факторлар мен жұмыскерлердің қажеттіліктерін ескеру сынды маңызды мәселелер қамтылған Халықаралық еңбек ұйымының конвенциясы ратификацияланды.
ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ // Аталған ратификацияны қабылдау, еңбек аадамдарының мүддесін қорғау қажет деп санаймын. Ратификация қабьылданғананн кейін Қазақстан бір жылдан кейін осы ратификацияның орындалуы туралы есеп жолдайтын болады. Ол жерде ең төменгі жалақы алмайтын адамдардың санатын атап, көрсету қажет.
Депутат сұрағына министр жауапты қысқа қайырды.
СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВА - ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ // ең төменгі жалақы төленетін санаттарға біліктілігі төмен, біліктілігі жоқ, еңбек құны, саны мен сапасы аз жұмыстарда жұмыс істейтін азаматтардың ең төменгі жалақы алатын, немесе төмен.
Ең төменгі жалақы 2029 жылға дейін 85 мың теңге көлемінде қалады деп жоспарлануда.