#qyzylordatv
Кеше сағат 20:54-те Байқоңыр ғарыш айлағынан "Прогресс МС-32" жүк кемесі бар "Союз" зымыран тасығышы ұшырылды. Ұшыру қалыпты режимде өтті. Ол Халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тоннадан астам жүк жеткізеді. Оның ішінде құрғақ жүк, отын, ауыз су, ғарыш станция атмосферасын толықтыру үшін 50 келі ауа бар.
Жүк кемесі іске қосылған соң тоғыз минуттан кейін зымыран тасығыштың үшінші сатысынан бөлініп, күн батареялары мен антенналар іске қосылды. "Байқоңыр" ғарыш айлағында тікелей трансляция ұшуға бір сағат қалғанда басталып, Роскосмостың әлеуметтік желілерінде көрсетілді. Зымыран тасығыштың жүк көтергіш корпусы кеңестік ғарышкер ГЕрман ТитОвтың туғанына 90 жыл толуына арналған эмблемамен безендірілген. Жүк кемесі екі күн ішінде Жерді 34 рет айналып, Халықаралық ғарыш станциясына түйіседі.