#qyzylordatv
Сыр өңірінде тіршілігі су шаруашылығымен біте қайнасқан Арыстанбаевтар әулеті тұрады. Тамыры тереңге тартып, құт қонған бұл әулеттің әр мүшесі ел экономикасының дамуына аянбай еңбек етіп, елеулі үлес қосып келеді. Мұраптар династиясы туралы келесі бейнематериалымызда.
Әулеттің бұл салаға келуі су тамыршысы Сабыр Арыстанбаевтан бастау алады. Судың қалай,қашан, қандай мөлшерде, қандай деңгейде, қандай жылдамдықпен ағатынын өлшеу құралдарынсыз-ақ танып-білген нағыз мұрап. Ғибратты ғұмыр иесінің Сыр бойында суармалы егін шаруашылығын қалыптастыруда, жерді инженерлік жүйеге келтіруде еңбегі ерен. Міне, сол маманнан тараған ұрпақ бүгінде ата жолын жалғап, сушылар династиясы атанып отыр.
ДАСТАН АРЫСТАНБАЕВ – С.АРЫСТАНБАЕВТЫҢ НЕМЕРЕСІ // Атам үнемі айтатын: «Ағын су кері ақпайды, алға ұмтылыңдар деп. Ол жұмысбасты болды, таңғы төртте кетіп, кешкісін ғана оралатын. Әкем Болат Сабырұлы да осылай табанды жұмыс істеді, ол да аудандық деңгейде қызмет етті. Атам өз еңбегіне адал болды. Ол өте еңбекқор, салмақты еді, әрі бізді де білімді, ілімді болуға баулыды.
Сабыр Арыстанбаев кейінгі жастарға ақылшы ұстаз болды, дейді шәкірті Жорабек Нұрымбетов.
ЖОРАБЕК НҰРЫМБЕТОВ - С. АРЫСТАНБАЕВТЫҢ ШӘКІРТІ // Енді елдегі мынау Сыр елі үшін Арыстанбаевтар деген әулеті өте белгілі әулет. Оның негізі себебі осы сыр еліндегі су шаруашылығындағы жасаған еңбегі бүкіл ел халық біледі. Сабыр Шәймерденовичпен мен 1980ші жылы Қазақтың Политехникалық институтын бітіріп келіп жолдамамен осы облыс суықсушаруашылығы басқармасына келді. Сол кезде ол кісімен таныстым. 06:11 Ол кісінің бір енді талапшылдығы жаңағы өте қарапайымдылығы және өте сондай мынау өзінің маманына деген былай қорғау маманды жақтай білу жағы да өте жоғары болатын.
Сабыр Шаймерденұлының ісін бүгінде ұлы мен немересі жалғастыруда. Мәселен, ұлы Болат Сабырұлының еңбек өтілі 40 жылдан асып жығылады.
АЛМАТ ҚАБЫЛОВ - СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАМАНЫ // 10 жылдай бірге қызмет жасадық ол кісі енді мынау ол кісі келгенде біздің мекеме облыстық коммуналдық мекеме болатын. Сол кісінің жаңағы бастамасымен біз республикалық мемлекеттік кәсіпорын болып қайта құрылдық. Яғни мемлекеттік республикалық бюджетке көшірді.
Талапшыл басшы болды иә, жұмысқа деген талап жоғары болды. Соның арқасында мынау көптеген мамандар өсіп шықты сол кісінің талапшылдығының арқасында. Енді ол өте білімді маман ғой енді су шаруашылығындағы ең білікті білімді мамандардың бірегейі десе болады.
Бүгінде немересі Дастан Болатұлы бұл істі жалғастырып келеді.
АЙДОС АСАНБАЕВ - «ҚАЗСУШАР» РМК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // Жалпы бұл Арыстанбаевтар әулеті бізге дейін қызмет атқарған үлкен сондай жаңағы атадан балаға келе жатқан сондай бір үлкен әулет болып табылады. Қазіргі заманның талабы мынау су шаруашылығы саласын цифрландыру автоматтандыру жүйесіне көшіру жөнінде қазір мемлекет басшысынан бастап барлығы айтып жатыр. Осы бойыншада қазір осы Дастан Болатұлының өзі де қазір осы су шаруашылығы нысандарының цифрландыру жүйесіне көшіру бағытында үлкен қазіргі уақытта қолдау беріп отыр.
Адалдық пен еңбексүйгіштік – табыс пен құрметке жетудің ең сенімді кілті екеніне Арыстанбаевтар әулетінің өнегелі ісі дәлел. Бұл әулет – Президенттің «еңбек адамдарының абыройын көтеру қажет» деген сөзінің жарқын үлгісі. Олардың өмір жолы жас мамандарды өсуге, дамуға, қажырлы еңбек арқылы қоғам құрметіне бөленуге шабыттандырады.