#qyzylordatv
Сенаторлар Мемлекет басшысының жолдауында жүктелген міндеттерді іске асыру барысын талқылады.
Президент тапсырмаларын негізге ала отырып, палата депутаттары еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды реформаларды іске асыруға баса мән беруі тиіс,-деді Мәулен Әшімбаев. Сондай-ақ әріптестерін алдағы уақытта тиісті заңнамаларды қабылдап, осы бағыттарда белсенді жұмыс істеуге шақырды.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ \Мемлекет басшысы Қазақстан үш жыл ішінде жаппай цифрлық елге айналуы керек деп нақты мақсат қойды. Сонымен қатар, жолдауда инвестициялық саясатқа да баса назар аударылды.Парламенттік реформа – Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстан құру және демократиялық институттар мен тетіктерді нығайту жолындағы байыпты бағдарының логикалық жалғасы екені анық. Жалпы, Президентіміздің биылғы Жолдауын Қазақстанды жаңғыртудың жаңа замандағы кешенді жол картасы деп қабылдаймыз.