#qyzylordatv

Бүгін - «Жергілікті әскери басқару органдары» күні. Осыған орай Қармақшы ауданында салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, қорғаныс саласының қызметкерлері мен ардагерлерге құрмет көрсетілді. Мереке аясында қармақшылық сегіз жігіт Отан алдындағы борышын өтеуге әскерге аттанды.

 Қорғаныс саласының қызметкерлері азаматтарды келісімшарт бойынша және мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырады. Әрі жергілікті әкімдікпен бірлесіп жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіп тұрады. Жалпы, қармақшылық жастардың әскерге бару көрсеткіші жоғары. Мәселен, былтыр көктемгі және күзгі шақырылымда 120-дан астам сарбаз әскерге аттанса, биылдың өзінде 61 бала сап түзеп, Отан алдындағы борышын өтеуге кетті.

 ЖАНДОС БЕКМҰРЗАЕВ, АУДАНДЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ \ Ауданымызға жылда беріліп жатқан жоспар 101-102 пайызға орындалуда. Заңнамаларға өзгерістер енгізуіліне байланысты қазіргі таңда балдарға 1414 смс арқылы шақырамыз. Сол смс арқылы балдар өз еркімен әскер қатарына жасақталуына келіп жатыр\

 Баба аманатын көздің қарашығындай сақтап, шекарамызды қырғалықпен күзету бүгінгі ұрпақ парызы. Міне, осы абыройлы міндетті орындауға Қармақшы ауданынан сегіз жігіт жасақталып, Ұлттық қауіпсіздік комиеттінің шекара қызметіне аттанды. Жас сарбаздарды әскерге шығарып салу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов пен ардагерлер қатысып, батасын берді.

ӘБУТӘЛІП ЖАЛМАҒАНБЕТОВ, АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ \10-11 сынып оқушыларына әскер туралы мағлұмат береміз. Әскердің мақсаты, сарбаздардың атқаратын қызметі, әскери техникамен, қару-жарақпен таныстырамыз. Әскерге қызмет ету әр азаматтың міндеті. Армия мінезді, ер азамат дайындайтын орын. Сондықтан сол әскери мектепте қызмет етуге оқушылдарды дайындап жатырмыз \

 Шара барысында қорғаныс саласында ұзақ жылдардан бері қызмет атқарып, жастарға патриоттық тәрбие беріп жүрген сала мамандары мен ардагерлер марапатталды.