#qyzylordatv
Отбасы күні қарсаңында еліміздің ТОП туристік ауылы тізіміне кірген Нағи Ілиясов ауылында үлгі-өнегесімен дараланған отбасыларға сый-құрмет көрсетілді.
Отбасы – қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі. Бүгінде бірлігі мен ырысы тасыған Нағи ауылында ел ішіне қадірлі, адал еңбегімен көпке үлгі болып жүрген әулеттер аз емес. Соның ішінен бес жанұяға отбасы күніне орай лайықты сый-құрмет көрсетілді. Олардың қатарында күміс, алтын және жақұт той иелері бар. Отбасының үлкендері – парасат пен мейірім иелері, ал жастары – еңбекқорлық пен ізгілікті серік еткен саналы буын.
Бисембаевтар әулеті бүгінде жас отбасыларға үлгі. Отағасы Қуанышбек Бисембаев жары Күлшат Махантаевамен бірге еңбек жолын ауыл мектебінде ұстаздық қызметтен бастапты.
ҚУАНЫШБЕК БИСЕМБАЕВ – Т.АЙТБАЕВ АТЫНДАҒЫ №132 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ПЕДАГОГ-ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ
//Баршаңызды бүгінгі отбасы күні мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін керемет шараның куәсі болып жатырмыз...+1988 жылы отбасын құрдық. Қазір 40 жылдай отбасын құрып, тату тәтті өмір сүріп жатырмыз. Үлкен бір ұлымыз, екі қызымыз бар. Ұлдан, қыздан 3-4 еуден немерелеріміз бар. Кіші қызымыз қазір мед универ бітіріп, жұмысқа орналасып жатыр. Бүгін ең құрметті,қадірлі күн болып отыр отбасымыз үшін. Жастарға отбасы құруда өзінің жарын таба білуі керек. Тату тәтті өмір сүруі керек, бір-біріне кешірімді болуы керек.//
ҚАЛАМҚАС КӘРІМОВА – ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ХАТШЫСЫ
//Бұл шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, мерейлі отбасыларға құрмет көрсету және жастарға үлгі ету. Бүгінгі таңда бізге берік отбасы институтын дамыту маңызды. Сол себепті облыстың барлық аудандарында осындай кездесулер өткізіледі және бұл тұрақты түрде жалғасатын болады.//
"Отбасы күні" мерекесі қоғамда рухани байлық пен өнегені нығайтуға, ерлі-зайыптылардың жауапкершілігін нығайтуға ықпал етеді. Бұл ізгілікті шара да өнегелі жанұяларды дәріптеу арқылы отбасы құндылықтарын арттыра түсті.